1. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері
Фестивальдің мақсаты: мұражай педагогикасының мазмұнын жетілдіру, жас жеткіншектердің рухани және мәдени құндылықтарын дамытуда мұражайдың рөлін белсендіру.
Фестивальдің міндеттері:
- шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау, олардың мұражай жайында білім беру саласында құрастырған педагогикалық жобаларын таратуға ықпал ету;
- білім беру ортасына мұражай қызметін енгізу арқылы мұражай педагогикасы саласындағы педагогикалық инновациялық зерттеулермен айналысатын шығармашыл мұғалімдердің қызметін ынталандыру;
- мұражай педагогикасы элементтерін мәдени-білім беру үрдісіне енгізу мүмкіндіктерін кеңейту.
2. Фестивальге қатысушылар
Фестивальға инновациялық қызметпен кемінде 3 жыл айналысқан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының тарих, география пәні мұғалімдері қатыса алады.
І кезең - Астана қаласы мектептерінің мұғалімдері үшін «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно - мемориалдық кешені базасында 2013 жылдың 1-2 наурызында өтеді;
ІІ кезең - республика мектептерінің мұғалімдері үшін (Астана қаласының мұғалімдерінен басқа) оn-line режимінде а.ж. 27 ақпанында www.1sabak.kz (каб.astana)сайты арқылы өтеді.
Қатысушылардың педагогикалық жұмыс өтілі мен жас шамасы шектелмеген.
3. Фестивальдің өту шарттары мен тәртібі
Фестивальға жұмыс құрылымы мұражай педагогикасына және мұражай жайында білім беруді қамтыған жобалар мен зерттеу жұмыстарын ұсынуға болады.
Зерттеу жұмыстары төменде көрсетілген түрде тапсыруға болады:
- педагогикалық зерттеу;
- оқу - зерттеу жобасы;
- оқулық;
- әдістемелік құрал;
- ашық тәрбие сағаты;
- макеттер мен экспонаттар,
- электрондық оқулық;
- компьютерлік оқыту бағдарламалары және т.б.
Инновациялық жобалардың негізгі құрылымдық элементтері:
1) тұжырымдамалық негіз;
2) жобаның мазмұнды бөлігі:
- мұражай жұмысын ұйымдастырудың мақсаты (мұражай жайында білім беру немесе мұражай педагогикасы бойынша жұмыстар) - жалпы және нақты;
- жобаның мазмұны;
3) тұжырымдық бөлім - технологиялық процесс;
- мұражай жайында білім беру және мұражай педагогикасы жұмысын ұйымдастыру;
- мұражай педагогикасын мектептің оқу-тәрбие қызметіне енгізудің түрлері мен тәсілдері;
- мұражай жайында білім беру бойынша жұмыстың түрі мен тәсілі;
- мұғалімнің процесті басқаруы және ұйымдастыру қызметі (жобаны).
Фестивальға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне а.ж. 20 ақпанына дейін электронды және қағаз жүзінде төменде көрсетілген ақпараттарды ұсыну керек:
- Фестивальға қатысу үшін өтініш,
- қазақ және орыс тілінде өңделген аңдатпа (аннотация),
- Фестиваль жеңімпаздарының жинақтамасына енгізу үшін жобалардың тезистері.
Фестивальға ұсынылған жобалар мен зерттеулерге қойылатын талаптар:
1) жұмыс көлемі 10 баспа бетінен кем емес және 20 баспа бетінен аспауы керек;
2) парақ пішімі А - 4, шрифт– 14;
3) титул парағында автордың толық аты-жөні, жобаның атауы, пәні, қызметі, оқу ұйымының атауы, мекенжайы мен телефоны көрсетілуі тиіс.
Фестивальға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды және пікір жазылмайды.
4) жоба келесідей мазмұнды элементтер құрылымын қамтуы тиіс:
- титул парағы,
- түсіндірмелі хаттама,
- жобаны тәжірибеге енгізу жоспары,
- жобаның мазмұны,
- әдістемелік қамту (аудио және визуалды),
- қолданылған әдебиеттер тізімі.
10. Регламент – 7 -10 минут.
4. Қазылар алқасы
Қазылар алқасының құрамы Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің бұйрығымен бекітіледі.
Қазылар алқасы жобаның бағалау критерийін бекітеді.
Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Фестивальдің жеңімпаздарын анықтап және марапаттайды.
5. Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау
Фестивальға қатысушыларға «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің сертификаттары тапсырылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің I, II, III, дәрежелі дипломдары тапсырылады, номинациялар бойынша марапаттау қарастырылған.
Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары басылымда жариялану үшін ұсынылады.
6. Қаржыландыру
Фестивальді қаржыландыру бекітілген шығыс сметасына сәйкес жасалады.
7. Фестивальді ұйымдастыру комитеті
Фестивальдің ұйымдастырушысы Астана қаласының Мәдениет Басқармасының «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені және Астана қаласының Білім басқармасы болып табылады.
Фестивальға қатысу үшін өтінімдерді 20 ақпанға дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша мына мекенжайға: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 2/1 немесе электронды поштасына аtameken_2012@mail.ru тел/факсіне 8-(7172) 244832, 245377 жіберуге болады.
|
Толық аты-жөні (құжат бойынша)
|
Жұмыс орны |
Қызметі, пәні |
Өтілімі, санаты |
Жобаның атауы |