1. Жалпы ереже
1. Осы инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі (бұдан әрі - Фестиваль) өткізу ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 - 2020 жылдардағы білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына, жаңа қоғам педагогінің үздіксіз білім тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
2. Облыстық Фестивальді 2 жылда 1 рет Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒПО «Дарын») өткізеді.
3. Фестивальдің негізгі мақсаты Қазақстанның заманауи мектептері мұғалімдері мен басшыларының инновациялық тәжірибелерін тарату және ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету.
4. Фестивальдің негізгі міндеттері:
1) жалпы орта білім берудің модернизациялау жүйесіндегі маңызды мәселелерді талқылау үшін пікірсайыстық алаң құру және тәжірибе алмасу;
2) жас мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
3) жаңашыл мұғалімдердің құрылымдық – мазмұндық моделдерін дайындау.
2. Фестивалдің қатысушылары
5. Фестивальға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, педагогикалық қызметкерлері, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдіскерлері қатыса алады.
6. Фестивальға қатысушының 3 жылдан кем емес инновациялық қызметпен айналысқан еңбек өтілі болуы керек.
3. Конкурстың жұмысшы органдары
7. Фестивальдің басшылық құрамын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
8.Ұйымдастыру комитеті мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1) Фестивальдің облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпаратты облыстық мамандандырылған мектептерге, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, педагогикалық қызметкерлері, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне жеткізеді;
2) Фестиваль жұмысының өткізу тәртібін, түрін, орнын және уақытын анықтайды, қатысушылардың тізімін, қазылар алқасының құрамын және оның жұмыс регламентін бекітеді.
9. Қазылар алқасы Фестивальға ұсынылған инновациялық-педагогикалық идеяларға сараптама жасап, бағалап, Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, әртүрлі номинациялар бойынша марапаттауға үміткерлерді анықтап, ұйымдастыру комитетіне ұсынады.
4. Конкурстың өткізілу тәртібі және құжаттарды ресімдеу
10. Конкурс үш кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең – қалалық (аудандық);
2) екінші кезең – облыстық (қараша);
3) үшінші кезең – республикалық.
11. Фестиваль төмендегідей бағыттар бойынша өткізіледі:
- «Білім берудегі менеджмент жүйесі...» (жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары);
- «Әр түрлі сабақ, бірақ шебердің өз қолы..» (пән мұғалімдері);
- «Сабақтан соң…» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар және психологтар);
- «Шеберліктің шыңына...»(педагог-инноваторлар);
- «Қосымша білім беру педагогы» (осы саланың педагог қызметкерлері).
12. Қорғау түрі: білім берудегі менеджменттің презентациясы, сабақтар, сабақтан тыс шаралар, инновациялық идеялар және еркін түрде (мастер-класс, стендтік доклад, портфолио және т.б.).
13. Жобада міндетті түрде құрылымы, мазмұны, түрі, тәсілі және технологиялық оқытуы, дарынды балаларды тәрбиелеуі және дамытуы болуы керек. Қорғау регламенті - 7-10 минут.
14. Жобаны ресімдеу тәртібі:
- жобаның көлемі шектеусіз;
- А - 4 форматтық бетте, 14 - шрифпен;
- титул парағына автордың аты, тегі, әкесінің аты, жобаның атауы, беретін пәні, бағыты, лауазымы, білім беру ұйымының атауы мен мекен-жайы, телефоны, автордың электрондық поштасы жазылуы керек.
15. Фестивальға жіберілген материалдар қайтарылмайды.
16. Фестивальға ұсынылған материалдардарды төмендегідей ақпараттарымен толықтырып қағаз және электрондық тасымалдағышпен 2012 жылдың 08 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне жіберу керек:
- Фестивальға қатысу үшін өтінім;
- қазақ және орыс тілдерінде Жобаның аннотациясы;
- Фестивальдің материалдар жинағына жариялау үшін жобаның тезисі (жүлдегерлер үшін).
5. Жобаны бағалаудың негізгі критериилері
17. Фестиваль төмендегідей негізгі критериилермен бағаланады:
- инновациялық жобаның маңыздылығы;
- мазмұнының жаңашылдығы, ұсынылған жобаның танымдық құндылығы;
- жүйелілігі (үдерістің логикасы, оның барлық бөлімдерінің өзара байланыстылығы, біртұтастығы);
- жобаға инновациялық түрдің берілуі;
- тәрбиелік және даму аспектілері;
- трансляциялығы (білім мекемелерінің жобаларды қолдану мүмкіндігі)
- ресімдеу бойынша талаптардың сәйкестігі.
6. Жеңімпаздарды марапаттау
18. Фестивльдің барлық қатысушыларына ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сертификаттары және жеңімпаздарға ШҚО білім басқармасының грамоталары беріледі. Жүлделі орын алған қатысушылар Фестивальдің республикалық кезеңінің іріктеу турына ұсынылады.
7. Конкурсты қаржыландыру
19. Фестивальді ұйымдастыру және өткізуге байланысты шығыстар бекітілген шығыстар сметасына сәйкес қаржыландырылады.
20. Фестивальға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.