+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Сүйем сені, туған өлкем
17 Қаз, 05:27

«Сүйем сені, туған өлкем» атты

облыстық қолданбалы өнер туындылары байқауын өткізу ережесі

 

I. Жалпы ереже

 

1. Аталған ереже «Сүйем сені, туған өлкем» атты байқаудың мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді.

2. Облыстық байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай - ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

3. Мақсаты мен міндеттері:

- қолданбалы өнер туындылары саласында дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту;

- белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру;

- қоршаған ортаға деген эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

- туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

 

II. Байқауды ұйымдастыру комитеті

 

4. Байқауды ұйымдастыру үшін ұйымдастыру комитет құрылады (ары қарай - Ұйымдастыру комитеті).

5. Ұйымдастыру комитеті:

- байқауды әзірлеу мен өткізуді тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

- байқауға қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;

- байқауға талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.

 

III. Байқауға қатысушылар

 

6. Байқауға жалпы білім беретін қалалық (аудандық) орта мектептер мен облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептердің оқушылары қатыса алады.

7. Байқау жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:

- 5-7 сыныптар;

- 8-10 сыныптар.

 

IV. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу шарттар

 

8. Жұмыстар қалалық (аудандық) білім беру бөлімдері бастықтарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінішпен қоса жіберіледі.

9. Байқау 2012 жылы30қазанда өткізіледі.

10. Жұмыстар 25 қазанға дейін 2012 ж. Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74, (№19 ОМ ғимараты, 2-қабат) мекен-жайында қабылданады.

11. Байқауға түскен жұмыстар төмендегі 8 номинация бойынша бағаланады:

- тегіс заттарды әшекейлеу (декупаж, батик, мата, ағаш, шыны, т.б.);

- көлемді заттарды әшекейлеу; 

- сәндік – тегіс заттарды жасау (панно, коллаж, т.б.);

- көлемді заттарды жасау (сәндік мүсіндер);

- қуыршақтар мен ойыншықтар;

- сувенирлер мен мерекелік сыйлықтар;

- мозаика;

- флористика (икебана, табиғи материалдардан).

Қаладан, ауданнан, дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелерінен әр номинация бойынша кемінде 1 жұмысқа дейін қабылданады (жеке немесе топтық).

12. Жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.

13. Жұмыстарды қазылар алқасы бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды.

 

V. Жұмыстарға қойылатын талаптар

 

14. Тегіс заттар қатты материалға орындалады, сырт жағынан ілгіші,

көлемді композициялар мен заттардың астына қойылатын тіреуі болуы шарт.

15. Тегіс заттардың көлемі 60см х 40 см, 3 см. паспорту тәсілімен безендіріледі, көлемді композициялар мен заттар 20см – ден кем болмауы қажет.

16. Әр жұмыспен қоса аннотация бірге жіберіледі.

17. Жұмыстар еркін техникада орындалады.

18 Байқауға жіберілген жұмыстардың оң жақ бұрышына 10 х 4 см көлемді арнайы басылған қағаз кесіндісі жапсырылуы қажет

(автордың фамилиясы, аты, жасы, шығарманың атауы жазылады).

 

VI. Қортындылау. Марапаттау.

 

19. Байқау номинациялар бойынша жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.

20. Орын алған сайыс жеңімпаздары ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының грамотасымен, сыйлықтармен марапатталады.

 

VII. Сайыс жұмыстарын бағалау шарттары

 

- жұмыс атауының алынған тақырыпқа және мазмұнына сәйкестігі;

- өзіндік шешімі және орындалу шеберлігі;

- дербестігі, шығармашылық тұрғыдан келуі;

- жұмыстың сапалы орындалуы;

- барлық талаптарға сай болуы.