+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
Правила областной олимпиады младших школьников
02 Апр, 05:36

1.     Мақсаты мен міндеттері

Берілген ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын (келесіде – олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері - ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық).

Олимпиаданың жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.

2. Олимпиаданың өткізілу тәртібі, мерзімі мен орны

Олимпиада Ш кезеңде өткізіледі:

• бірінші кезең – мектепішілік –2014 жыл, наурыз;

• екінші кезең - аудандық (қалалық) 2014 жылдың 20 сәуіріне дейін;

• үшінші кезең - облыстық 2014 жылдың 26 сәуірі.

  Пәндер бойынша жеке айналым 6 пәннен өткізіледі (қазақ тілі, орыс тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері). Жұмыс жазбаша орындалады. Орындау уақыты: 90 минут, бейнелеу өнері – 120 минут.

3. Олимпиаданың жұмысшы органы

Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;

- олимпиаданың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады.

Құрамына ғалымдар, тәжірибеші-мұғалімдер кіретін ғылыми-әдістемелік кеңес:

- тапсырмалардың мазмұнын әзірлейді;

- жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, олимпиада өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;

- жұмыстарды тексеруге қатысады;

- жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды.

4. Қатысушылардың құрамы

Олимпиадаға облысымыздағы жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушылары қатысады.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың, аудандардың, мектептердің атынан командалар қатысады. Командалар аудандық, қалалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша құрылады.

Команда құрамы оқыту тіліне байланысты 6 немесе 12  адамнан және 1 жетекшіден тұрады (әр пәнге 2 адамнан).

Команда құрамының барлық мүшелері олимпиадаға қатысу үшін берілген тапсырыста болулары керек.

5. Қатысушыларды тіркеу тәртібі

Олимпиадаға қатысу үшін өтінімдерді, аудандық/қалалық кезеңдердің хаттамаларын жазбаша түрде Орталыққа 2014 жылдың 18 сәуіріне дейін 8 (7232) 700-244, 55-20-12 тел/факстарына жіберуге болады.

6. Қорытындыларды бағалау тәртібі

Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша әр қатысушының қатысқан өз пәні бойынша жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады (жеке есепте), команда – жалпы есепте.

Жалпыкомандалық орын команда мүшелерінің жалпы жинаған ұпайлары бойынша анықталады.

7. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

Әр оқу пәні бойынша 1-3 орын иеленген қатысушылар жеке есеп қорытындысы бойынша марапатталады. (1-орын-1, 2-орын-2, 3-орын-3).

8. Атрибутика

Олимпиадаға қатысуға тапсырыс берген әрбір команданың өз формасы болуы керек.

9. Қаржыландыру

Олимпиаданың қаржыландырылуын Орталық құрылып, бекітілген шығындар сметасына сәйкес жүзеге асырады.

Олимпиадаға қатысушылардың жол ақысы бағыттаушы білім мекемесінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.