+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған облыстық «Интеллектуалдық марафон» олимпиадасын өткізу ережесі
11 Қар, 08:15

1. Жалпы ереже

Осы ереже денсаулығының мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізу тәртібін, мақсаттары мен міндеттерін, әдістемелік-ұйымдастыруын қамтамасыз етуді, жүлдегерлері мен жеңімпаздарын іріктеуді белгілейді.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒПО «Дарын» ) болып табылады.

2. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері

Олимпиаданың негізгі мақсаты денсаулығының мүмкіндігі шектеулі дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау.

Негізгі міндеттері:

1.Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі дарынды оқушыларды анықтау мақсатында жұмыс түрлерін және формаларын арттыруға жағдай жасау, дамыту және қолдау;

2.Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында ғылыми білімдерін таратуға және жетілдіруге жағдай жасау;

3.Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі оқушылардың интеллектуалдық қайраткерлігін жандандыру, интеллектуалдық және шығармашылық шамаларын ашу;

4.Оқушылардың интеллектуалды-шығармашылық шамаларының өз бетінше даму дағдыларын және іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйрету.

3.     Олимпиаданы басқару және әдістемелік қамсыздандыру

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

-олимпиаданың тұжырымдамасын әзірлейді;

-олимпиаданы ұйымдастыру және өткізуді тікелей басшылыққа алады;

-олимпиадаға қатысуға өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

-қазылар алқасын бекітеді;

-олимпиаданың тапсырмаларын, бағалаудың критерииларын әзірлейді;

-олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтайды;

-олимпиада қорытындысын талдайды және сараптайды;

-дайындық шаралары, олимпиаданың өткізілуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды;

-ережеге сәйкес олимпиаданың басқа да қызметтерін атқарады.

4.Олимпиадаға қатысушылар

1.Олимпиадаға  денсаулығының мүмкіндігі шектеулі интеллекті сақталған бір топтағы 14 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар қатысады.

2.Олимпиаданың облыстық кезеңіне әр ауданнан, қаладан, облыстық білім мекемелерінен 4 оқушылар – қалалық\аудандық немесе мектепішілік кезеңнің (облыстық білім мекемелері үшін) жүлдегерлері қатыса алады.

3.Олимпиаданың халықаралық кезеңінің жүлдегерлері болған оқушылар (келесі жылға) қатыстырылмайды.

5.Олимпиаданы өткізудің уақыты және тәртібі

1.Олимпиада жыл сайын және жалпы білім беретін «Математика», «Информатика», «Физика», «Экология», «Биология» пәндері бойынша.

2.әрбір қатысушы тапсырманы барлық пәннен кешенді түрде орындайды.

3.Барлық тапсырсырманы орындауға астрономиялық 4 сағат беріледі.

4.Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрады:

1)20 қарашаға дейін – аудандық (қалалық) кезең;

2)29 қараша – облыстық кезең (тұрғылықты жерде өтеді)

3)Желтоқсан – халықаралық кезеңнің іріктеу кезеңі (халықаралық ұйымдастыру комитеті өткізеді).

4)Маусым – халық

5)ёаралық кезең (халықаралық ұйымдастыру комитетінің

шешімімен таңдалған елде өткізіледі). Ескерту: олимпиаданың халықаралық кезеңіне қатысушыларға тапсырмалар орыс немесе ағылшын тілдерінде беріледі.

5.Облыстық кезеңге қатысу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына:

1)қалалық немесе мектепішілік кезеңнің хаттамасы (облыстық білім беру мекемелері үшін);

2) көрсетілген үлгі бойынша, қалалық/аудандық білім бөлімдерінің бастықтарының немесе мектеп директорларымен бекітілген өтінім;

3)жеке куәлігі немесе туу туралы куәліктің көшірмесі;

4)мүгедектігінің диагнозы көрсетілген анықтама.

Өтінім үлгісі: 

Аты-жөні(құжат бойынша)

Туған күні

Аудан/қала, мектеп, сынып

Оқу тілі

Диагнозы

Олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңдерінің өтетін орны

Үйлестірушінің қызметі, электронды

адрес, телефон

6.Олимпиаданың облыстық кезеңі 2013 жылы 29 қарашада сағат 10.00-

де өтеді. Сағат 9.00-ден 9.30-ға дейін өтінімде көрсетілген үйлестірушінің электронды адресіне олимпиаданың облыстық кезеңінің тапсырмалары жіберіледі.

7.Олимпиада өткен соң бірден оқушылардың жұмыстары мен

облыстық кезеңнің өткізілуі туралы хаттаманы жауапты қызметкер ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына жеткізеді. Үйлестіруші осы Ережелердің сақталуына, олимпиада материалдарының құпиялылығы мен сақталуына жауапты.

6.Марапаттау

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, жүлдегерлерге – дипломдар (жеке біріншілікте – әр пән бойынша жеке және барлық пән бойынша  кешенді (абсолютты жүлдегер); сонымен қатар командалық есеп бойынша беріледі.

7.Олимпиаданы қаржыландыру

Олимпиада әзірленіп, бекітілген сметалық шығынға сәйкес қаржыландырылады.