+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ОЛИМПИДА ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
05 Сәу, 11:11

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ                                                         

1.1 Д.Серікбаев атындағы өңірлік  олимпиаданы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындау және университетке қабылдау бөлімі ШҚО Білім басқармасы колдауындағы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен бірлесіп ұйымдастырады.

1.2 Д.Серікбаев атындағы өңірлік  олимпиада  математика, физика, химия, география, сурет пәндері бойынша өткізіледі.

II. Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ОЛИМПИАДАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

 2.1 Сайыстың мақсаттары:

-  ғылыми білімдерін насихаттау;

- оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру;

- табысқа жету уәжін қалыптастыру;

2.2 Сайыстың міндеттері:    

-  дарынды балаларды анықтау және олардың талабын аша түсуге  жағдай жасау;

- оқушыларды ЖОО мамандықтарына бағытталған кәсіби пәндерге дайындау;

- әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарға шыңдау.

III. Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК  ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

3.1 Олимпиадаға ШҚО жалпы білім және арнайы (мамандандырылған) білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады.

3.2 Олимпиадаға қатысу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығынның  vk_daryn@mail.ru. электронды адресіне бекітілген үлгіде тапсырыс беру керек.

IV. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ

4.1 Математика, физика, химия, география пәндерінен берілген тапсырманың 70% орындап  бірінші орын алған қатысушылар  -  ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда, университеттің  мамандықтары бойынша (таңдаған бейіндік пәніне сәйкес) «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарынан басқа, ШҚМТУ ректорының ГРАНТЫНА - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тегін оқу құқына ие болады.

Суреттен бірінші орын алған қатысушы I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады

 4.2 Екінші, үшінші орын алған қатысушылар II, III дәрежелі дипломдармен және  бағалы сыйлықтармен марапатталады.

4.3 Барлық қалған қатысушыларға сертификат беріледі.