1. Жалпы ереже
Осы Ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларға арналған қашықтықтан өткізілетін облыстық олимпиаданың мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
Қашықтықтан өткізілетін облыстық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеру, дарынды оқушыларды айқындап, дамыту үшін жағдай жасау, табысқа жетулерін уәждеу.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – ШҚО ББ) және өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒПО «Дарын») ұйымдастырушылары болып табылады.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиада «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» (бұдан әрі – ҚИО) ақпараттық порталының техникалық қамтамасыз етуімен бірлесе өткізіледі.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың жұмыс тілдері - қазақ және орыс тілдері.
Олимпиадаға қатысу ерікті, ақылы түрде.
2. Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың ұйымдастыру комиті
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданы өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:
- қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың тәртібін, жасау тәртібін анықтайды;
- ұйымдастыру және өткізуіне ортақ басшылық жасайды;
- Олимпиаданың құжаттарын әзірлейді, өткізуге керек материалдарды шығарады, саралайды және қортындыларды жинайды;
- қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың қаржыландыру сұрақтарын шешеді;
- қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың тапсырмаларын әзірлейтін шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің құрамын жасайды;
- олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін бекітеді;
- олимпиада жеңімпаздарын және жүлдегерлерін марапаттайды;
- олимпиаданың өткізулері туралы тәртібін қарайды;
- осы Ережелерге сәйкес басқа да атқаратын қызметтерді жүзеге асырады;
Ұйымдастыру комитеті қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың тапсырмаларының құпиялылығының сақталуына жауапты.
3. Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысушылар
Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 5-8 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданы өткізу тәртібі
Олимпиада on-lineрежимінде оқушыларды алдын ала іріктеусіз өткізіледі.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданы өткізу үшін интернетке қосылған компьютер болу керек.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиада келесі пәндер бойынша: биология (жаратылыстану), ағылшын тілі, информатикадан тест түрінде өткізіледі.
Әрбір оқушыға әрбір жеке пән бойынша 30 тест сұрақтары ұсынылады, олар кездейсоқ тәсіл арқылы жалпы тест базасынан пән бойынша анықталады.
Қашықтықтан өткізілетін олимпиадағабір оқушы кесте бойынша бір және одан да көп (бәрі) пәндерден қатыса алады;
Бір пән бойынша олимпиадаға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы – 400 тенге. Ереже бойынша бір оқушы бірнеше пәнге қатысса әрбір пән үшін ақы төлейді.
Ақыны төлеу деректемелері:
КГКП ВК РНПЦ «Дарын»
РНН 181600062103
АО АТФ Банк г. Усть-Каменогорска
Р/с KZ 92826F0KZTD2000869
БИК ALMNKZKA
БИН 990840001922
КБЕ 16
Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың кестесі:
10 сәуір – информатика;
11 сәуір – ағылшын тілі;
12 сәуір – биология (жаратылыстану).
Тестілеу уақыты ағылшын тілі мен биологиядан - 1 астрономиялық сағат (60 минут), информатикадан – 1,5 сағат (90 минут).
2013 жылдың 18 наурызына дейін қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерінің бастықтары мен дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелерінің директорлары бекіткен қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысуға өтінімдер мен төлем ақысының түбіртегінің көшірмесін мына факс телефонына 8/7232/552112, . E-mail: vk_daryn@mail.ruжіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты жөні |
Қала/ аудан |
Мектеп |
Сынып |
Биология (ия немесе жоқ) |
Ағылшын тілі(ия немесе жоқ) |
Информатика (ия немесе жоқ) |
Оқыту тілі |
Электронды жәшік |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтінім MS Excell форматында жіберіледі (қосымша файл MS Excell форматында).
2013 жылдың 4-5 сәуірінде қатысушылардың электронды поштасына олимпиаданың ұйымдастырушылары логин мен парольді және жүйеге кіру нұсқауын жібереді.
2013 жылдың 8-9 сәуірінде әрбір қатысушыларға компьютердің техникалық дайындығын тексеру үшін сынама тестілеу өту керек. Сынама тестілеу қатысушылардың бос уақытында олимпиадалық тапсырмаларды орындайтың компьютерде орындалады.
Әрбір пән бойынша қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың басталу уақыты - сағат 14.00-де. Қатысушыларға сағат 14.00 - 14.30 аралығында тапсырманы алуға болады. Тест тапсырмаларын шешуге берілетін уақыт тапсырмалар базасын ашқаннан кейін бірден басталады.
Бір мүмкіндіктің нәтижесі ғана есептеледі.
Қатысушылар жинаған ұпай санын тапсырманы орындап болған сон көре алады.
5. Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысушыларды дисквалификациялау шарттары
Оқушы тапсырманы орындаған кезде күмәнсіз және әділ нәтижесін алу мақсатында олимпиаданың өткізілу ережесінің маңыздысының бірі - өздігінен орындауы болып табылады. Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылардың ережені сақтауларын бақылауға құқықтары бар.
Тестілеуді өткізудің жинақталған тәжірибесі көрсеткендей, тест тапсырмаларын өздігінен орындаған оқушының мүмкін болған барлық ұпай санын жинауы өте сирек кездеседі. Осыған байланысты, неғұрлым көбірек қате жіберетін жағдайда оқушы өздігінен орындады деген тұжырым болады. Егер қатысушылардың (әсіресе бір білім мекемесінен) барлықтары бірнеше қателерді бірдей белгілесе, онда олимпиаданың өткізілу ережесін бұзу туралы белгі қызмет етеді.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті кімнің жұмысы осыған сәйкес келсе олимпиадаға қатысушыларды дисквалификациялауға (нәтижесін есептемеуге, жүлдегерлер тізімінің қорытынды тізімінен алып тастауға) құқығы бар.
6. Жеңімпаздарды марапаттау
Олимпиадаға қатысушылар сертификаттармен, жүлдегерлер грамоталармен, сыйлықтармен марапатталады.
7. Олимпиаданы қаржыландыру
Олимпиада бекітілген шығын сметасына сәйкес қаржыландырылады.