I. Жалпы ережесі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді және олимпиаданың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, оқушылардың қатысуы мен жеңімпаздар және жүлдегерлерді анықтауды белгілейді.
2. Экономика саласында дарынды балаларды анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған оқушылардың экономика пәні бойынша республикалық олимпиадасы (бұдан әрі - олимпиада) жыл сайын өткізілетін зияткерлік сайыс.
II. Мақсаттары мен міндеттері
3.Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
- экономика негізін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдіретін дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және дамыту;
- экономика саласында дарынды балаларға алғашқы кәсіби білім беру дайындығын жүргізу;
- оқушылар арасында экономикалық білімді насихаттау.
4. Олимпиаданың міндеттері:
- экономика саласында неғұрлым дарынды балаларды қолдауға қолайлы жағдай жасау;
- оқушылардың экономикалық білім негіздерін үйренуге қызығушылығын арттыру, теориялық және практикалық білімдерін тереңдету;
- жаңа ақпараттық технология және компьютерлік модельдеуді қолдану аясындағы бағдарламалық дағдыны дамыту;
- серіктес–жоғары оқу орындарының экономикалық факультеттеріне тарту мақсатында оқушыларға кәсіби бағдар беру.
III. Олимпиадаға қатысушылар
5. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары қатыса алады.
6. Олимпиадаға қатысу үшін әр ауданнан, қаладан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінен бір команда шақырылады. Команда құрамына 2 оқушы (10 сынып – 1 қатысушы,
11 сынып – 1 қатысушы және 1 жетекші кіреді.
7. Команда жетекшісі олимпиада өтетін жерге келген жолда (және қайтар жолдарда), олимпиаданың өту барысында қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді.
8.Олимпиаданың ауандық, қалалық кезеңдерін ұйымдастыру және өткізуге жауапты үйлестірушілері ауандық (қалалық) кезеңдердің өткізілу қорытындысы туралы есепті, облыстық кезеңге қатысуға қатысушының аты-жөнін, аймақ, мектеп, қатысушының оқыту тілі, сонымен қатар, жаттықтырушы-мұғалімінің аты-жөні белгіленген тапсырысты 11 ақпанға дейін жіберулері керек.
9. Облыстық кезеңге қатысуға рұқсат және тіркелу ауандық, қалалық білім беру бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінің директорларының жазбаша түрдегі өтініші негізінде жүзеге асырылады.
IV. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
10.Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамына ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының және С. Аманжолов ат. ШҚМУ-нің экономика және бизнес факультетінің өкілдері кіреді.
11.Ұйымдастыру комитеті олимпиаданың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізуге тікелей жетекшілікті жүзеге асырады, әдістемелік кеңес, қазылар алқасы құрамын, олимпиаданың бағдарламасын, қатысушы командалар тізімін, олимпиаданы қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауды жүзеге асырады.
12. Әдістемелік кеңес олимпиаданың теориялық, тәжірибелік және шығармашылық кезеңдерінің тапсырмаларын, оларды бағалау талаптарын жасайды.
13. Қазылар алқасы:
- қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды;
- ұйымдастыру комитетіне жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, оларды дайындаған мұғалімдерді марапаттау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
14. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – аудандық (қалалық);
2 кезең – облыстық
15. Ауандық (қалалық) кезең 2013 жылдың 7 ақпанында үш: теориялық, тәжірибелік және шығармашылық айналымда өткізіледі.
16.Олимпиаданың облыстық кезеңі 3 айналымда 2013 жылдың 15 ақпанында өткізіледі:
1 айналым – теориялық;
2 айналым – тәжірибелік;
3 айналым – шығармашылық.
V. Олимпиаданы қорытындылау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау
17.Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
18.Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен I, II және III дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады. Ең көп ұпай жинаған олимпиада жүлдегерлері экономика бойынша Республикалық олимпиадаға қатысуға ұсынылады.
VI. Олимпиаданы қаржыландыру
19. Сапар шығындары (жол шығыны, тамақтану және жатын орны) жіберуші жақ есебінен өтеледі.