+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республиканская олимпиада школьников по экологии
23 Қаң, 12:50

 

Олимпиада  –  республика  аймақтарындағы  экологиялық  білім  жағдайының  мониторинг құралы,  мектеп  білімінің  мазмұнын  қалыптастыру,  оның  тұрақты  даму  аясында  жетілдірудің құралы.

Олимпиада  мақсаты:  Оқушылардың  жаратылыстық  ғылымдарға  деген  танымдық қызығушылықтарын  дамыту,  ғылыми  –  зерттеу  әрекеттерінің  дағдыларын  қалыптастыру, экологиялық  білімдерді  насихаттау,  табиғатқа  деген  аяушылық  қатынасқа  негізделген  терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар  белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.

Осы мақсатпен экология-химия және география пәндері кафедрасы бірнеше жыл экология пәнінен  қалалық,  облыстық,  республикалық    оқушылар  олимпиадаларын  өткізіп  келеді.

2007 жылдың 20-22 сәуір аралығында экология пәнінен I Республикалық оқушылар олимпиадасы болды, олимпиадаға  Қазақстан  Республикасының  13  облысы,  23  қаласынан  120  оқушы  қатысты. 2008 жылдың  18-20  сәуір  аралығында  экология  пәні  бойынша  кезекті  II  Республикалық  оқушылар олимпиадасы өтті, бұл жолы республикамыздың 12 облысынан 91 оқушы қатысты. 2009 жылдың 17-19 сәуір аралығында экология пәні бойынша III Республикалық оқушылар олимпиадасы өтті, оған 13 облыстан 150 оқушы қатысты. 2010 жылдың 23-25 сәуірінде экология пәнінен кезекті IV Республикалық  оқушылар  олимпиадасы  өтті,  бұл  жолы  республикамыздың  13  облысынан  220 оқушы  қатысты.  2011  жылдың  22-24  сәуірінде  экологиядан  мектеп  оқушыларының  V Республикалық  мерейтойлық  олимпиадасы  өткізіліп,  оған  Қазақстан  Республикасының  барлық облыстарынан 132 оқушы қатысты. 2012 жылдың 20-22 сәуір аралығында, республикамыздың 14 облысынан 128 оқушы жиналған, экологиядан  оқушылардың кезекті VI Республикалық олимпиадасы сәтті өтті.

Олимпиада міндеттері :

- оқушылардың  қоршаған  ортаны  қорғау  аймағындағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына дағдыларын дамыту;

- Экологиялық білімнің және оның қолданбалы аспектілерінің теориялық негіздерін алу үшін білім мен ғылымды интеграциялау;

- Табиғатты қорғауда азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін оны сақтау және жақсарту;

- Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  облысында  белсенді  ағартушылық  және  тәрбие жұмысын жүргізетін оқушылардың квалификациясын жоғарылату. 

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:

Төрағасы: Абенов М.А. - ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі

Төраға  орынбасары:  Жонтаева  Ж.А.  -  ҚР  БжҒМ-нің  мектепалды  және  орта  білім  беру департаментінің директоры

Тең төрағалары:

Бектемесов  М.А.  -  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  ректоры,  физика  – математика ғылымдарының докторы, профессор

Кирабаева Ш.А - Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры

Панин  М.С.  –  СМПИ-дың  ғылыми  жұмыстар  және  халықаралық  байланыстар  жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор

 Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Айтпаева  Ж.Ж.  –  «Дарын»  Шығыс  Қазақстан  аймақтық  ғылыми–практикалық  орталығының директоры

Алтынбекова Г.К. - Семей қаласының денешынықтыру және спорт білім беру бөлімінің бастығы 

Артамонова  Е.Н.  -  СМПИ-дың  экология-химия және  география  пәндері  кафедрасының  доценті, х.ғ.к.

Ахметова М.М. – Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасының бастығы

Белгібаев М.Е. – СМПИ-дың  экология-химия және география пәндері кафедрасының профессоры, г.ғ.д.

Ибраева  Л.С.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  доценті, жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы, х.ғ.к.

Ильдербаев  О.З.  -  Семей  мемлекеттік  медициналық  университетінің  молекулярлық  биология кафедрасының профессоры, м.ғ.д.

Қалиева С.К. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент

Сатаева А.Р.  - Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің  экология  және  қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор

Тазабаева  К.А.  -  Қазақ  инновациялық  гуманитарлық–заң  университетінің  ақпараттық технологиялар мен экономика факультетінің деканы, б.ғ.к., доцент

Тулеугалиева  С.С.  –  СМПИ  ректоры  кеңесшісі,  экология-химия  және  география  пәндері кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

- олимпиаданың дайындық кезеңін ұйымдастыру;

- олимпиаданың өткізілетін уақыты мен орнын анықтау;

- олимпиаданы өткізуге ғылыми әдіснамалық жетекшілік жасау; -  олимпиаданың қазылар алқасын құру;

- олимпиаданың қорытындыларын жасау, жеңімпаздарын марапаттау,

- олимпиаданың барлық кезеңдерінің өткізілуіне бақылау жасау;

-ғылыми және педагогикалық ортада олимпиаданың ашылу салтанатын өткізу.

Олимпиаданың  қазылар алқасы:

Қазылар алқасы төрайымы:

Евлампиева  Е.П.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  доценті, ғылым,  халықаралық  байланыстар  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бөлімінің бастығы, б.ғ.к.

Қазылар алқасы төрайымының орынбасары:

Касымова Ж.С.  – Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің  химия  кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Қазылар алқасы мүшелері:

Алиманова Ж.Ж .– «Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектеп» ММ (Семей қ.) химия мұғалімі, экология магистрі

Бурулько  В.П.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы

Дюсенбекова А.К. - «Назарбаев интеллектуальдық мектебі» (Семей қ.) АҚ биология мұғалімі

Зверкович Р.М. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы

Ишмухаметова А.М. – ММ «№ 31 ОБМ» (Семей қ) биология пәнінің оқытушысы 

Карипбаева Н.Ш.- СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к. 

Коновалова С.Н. - «№1 ОБМ» ММ (Семей қ.) биология мұғалімі

Қуанышбаева М.Г. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к. 

Онтагарова  Д.Р.  –  СМПИ  экология  –  химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы, п.ғ.к.  

Полевик В.В. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы

Сапарова  Г.С.  –  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  доценті, педагог  мамандардың  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау  аймақтық  орталығының меңгерушісі, б.ғ.к.

Хромов В.А. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Қазылар  алқасының  құрамына  сонымен  қоса,  оқушыларға  жетекшілік  ететін республиканың орта және жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері де кіреді.

Қазылар алқасының міндеттері :

- олимпиаданың сұрақтары мен тапсырмаларын дайындау;

- оқушылардан сұрау және білімдерін бағалау;

- олимпиадаға қатысушылардың білімін бағалау бойынша даулы мәселелерді шешу;

- олимпиаданы қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау;

- олимпиада жеңімпаздарын ұйымдастыру комитетімен бірлесіп марапаттау;

Қазылар  алқасының  барлық  шешімдеріне  хаттама  жасалынып,  ұйымдастыру  комитетіне ұсынылады.  Олимпиаданың  тапсырмаларын  қазылар  алқасы  мен  ұйымдастыру  комитеті жарияламауға жауапты. Егер оның жарияланғаны белгілі болса, қазылар алқасының мүшелерінің басым көпшілігінің тексеруімен ол жұмысқа  0 балл қойылады.

 Аппеляциялық комиссия:

Нұрмұханбетова А.Н. (комиссия төрайымы) - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының оқытушысы, жаратылыстық ғылымдар факультеті деканының орынбасары, экология магистрі

Бурулько  В.П.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы.

Поливкина  Е.Н.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы, б.ғ.к.

Аппеляциялық комиссияның міндеттері:

- нәтижелері жаярланған кейін олимпиада қатысушыларының талаптарын қарастыру;

-  қойылған  бағаны  дәлелдеу  үшін  жюри,  сараптаушы  комиссияның  кез  келген  мүшелерін өзінің жұмысына тарту;

-  турдың  қорытынды  бағасы  туралы  (оны  көтеру,  және  төмендету  жағдайында)  шешім шығару;

-  аппеляциялық  комиссия  шешімінің  хаттамасын  жазу  және  оның  нәтижесін  олимпиада қатысушысына (қол қою арқылы) жеткізу.

Сараптау комиссиясы:

Ибраева  Л.С.  (комиссия  төрайымы)  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері кафедрасының доценті, жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы, х.ғ.к.

Калентьева  Н.В.  -  (төрайым  орынбасары)  –  Семей  қаласы  Мемлекеттік  медициналық университетінің биохимия және химия пәндері кафедрасының оқытушысы, б.ғ.к. 

Карипбаева Н.Ш. – СМПИ жалпы биология кафедрасының доценті,  б.ғ.к.

Сатаева  А.Р.  –  Шәкәрім  атындағы  СМУ-нің  экология  және  қоршаған  ортаны  қорғау кафедрасының профессоры,   б.ғ.к.

Тазабаева  К.А.  –  Қазақ  гуманитралық  –  заң  инновациялық  университетінің  ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің деканы, б.ғ.к., доцент

Сараптаушы комиссиясының міндеттері:

 -  экологиялық жобаның сараптамасын жүргізу;

-  институт  кафедраларының  мамандарының  –  рецензенттердің  алдыңғы  бағалауда жіберілген объективтік емес қате бағасын түзету;

-  ұсынылған  жобаның    көрсетілген  талаптарға  сәйкестігін  және  оның  бағасы  туралы қорытынды шешім қабылдау;

-  қорытынды бағалау парағын құру және оны өз отырысында бекіту.

Жұмыс тобының құрамы:

Жұмыс тобының төрайымы:

Артамонова  Е.Н.  -  СМПИ-дың  экология-химия және  география  пәндері  кафедрасының  доценті, х.ғ.к.

Жұмыстарды атқару тобының төрайымының орынбасары:  

Каримова  А.В.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы, химия магистрі

Жұмыс тобының мүшелері:

Акимжанова  Х.Г.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының оқытушысы, «Химия» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі

Баяхметова  Б.Б.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы, х.ғ.к.

Жылқышинова  Д.С.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы, география магистрі

Кобегенова  А.И.  –  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының оқытушысы, химия магистрі

Махмутова Л.С. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының ассистенті, «География» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі

Мельник М.С. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының оқытушысы, «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстық ғылымдар магистрі

Нуржуманова  Ж.М.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы, в.ғ.к.

Нұрқасымова  Б.Н.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы

Поливкина  Е.Н.  -  СМПИ-дың  экология-химия  және  география  пәндері  кафедрасының  аға оқытушысы, б.ғ.к.

Рахимова Г.К. – СМПИ  экология-химия және  география пәндері кафедрасының аға оқытушысы, география магистрі 

Жұмыс тобының міндеттері:

- ұйымдастырушылық – баспамен қамтамассыз ету (көбейту, ақпараттық хаттар мен ережені тарату,  олимпиада  тапсырмаларын  көбейту,  дипломдарды,  алғыс  хаттарды шығару  және  т.б.) организационно-техническое обеспечение олимпиады;

-  олимпиада қатысушыларының кездесулері мен . ұйымдастыру;

-  экскурцияларды ұйымдастыру мен жүргізу;

Олимпиада қатысушылары :

VII  Республикалық  оқушылардың  экологиялық  олимпиадасы  ҚР  облыстары  мен қалаларының  Білім  департаменттерінің  9,  10,11-  сынып  оқушылары  үшін  жыл  бойы  өткізілген олимпиадалар  циклін  аяқтайды.  Республикалық  олимпиадаға  іріктеу  турының жеңімпаздары жіберіледі.

Олимпиадаға қатысуға ұйымдастыру комитетінің талаптарына сай келетін, шығармашылық жұмыстарын жеке  экологиялық жоба  түрінде  ұсынған  оқушылар  қатыса  алады  (қосымшаларды қара).

Олимпиаданы қаржыландыру:

Семей мемлекеттік педагогикалық институты қаржыландырады:

- ақпараттық  хаттарды  тарату,  көшірмелер  жасау  шығындары,  олимпиада  ережесі  және тәртібі;

- олимпиада турларын өткізу үшін тапсырмалар мәтіндерін дайындау шығындары;

- дипломдарды, мақтау грамоталарын, алғысхаттарды жасату;

-  кездесулер ұйымдастыру.

Олимпиадаға  қатысушылар  мен  оларды  әкелетін  адамдардың  жол  жүру,  жататын орын, тамақтану шығындары жіберуші жақ есебінен (аудандық, облыстық департаменттер, мектеп басшылары, ата-аналар) жүргізіледі.

 Олимпиаданы қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау:

Олимпиада  жеңімпаздары  және  жеңімпаздары  4  турдың  қорытындысы  бойынша  жоғары балл жинағандар және олар:  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (мемлекеттік  білім  беру  гранттарын  алуға  артық  құқық  алады),  Семей  мемлекеттік педагогикалық институтының I, II, III  дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданы өткізу тәртібі:

Олимпиада 4 тур бойынша өткізіледі.

1- тур алдын ала олимпиадаға ары қарай қатысу үшін экологиялық жобаларын іріктеп алып, дайындалған зерттеу жұмыстарына институт кафедраларының сол салаға сәйкес мамандары пікір жазады.

Дайындалған жобаларды қабылдау

2013 жылдың 25 наурызына дейін Мекенжайы:  071410  Қазақстан  Республикасы,  Семей  қаласы,  Тәңірбергенов  көшесі  1,  Семей мемлекеттік педагогикалық институты,  экология-химия және  география пәндері  кафедрасы,  тел. (8-7222) 42-29-37, 42-49-41 (Панин Михаил Семенович, б.ғ.д.,профессор), 77-33-58 Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар қаралмайды!

Шығармашылық жұмыстарды бағалау өлшемдері:

1.  Тақырыптың өзектілігі және таңдауының негізділігі.

2.  Тәжірибелік құндылығы.

3.  Қолдану әдістемелерінің дұрыс алынуы.

4.  Нәтижелерінің объективтілігі,

5.  Орындалған зерттеудің толықтығы мен сапасы немесе әдеби талдауы. 

6.  Қорытындыларының дәлелділігі.

7.  Ерекшелігі.

8.  Өзіндік еркіндік дәрежесі.

9.  Күрделілігі.

10. Сапалылығы: жұмыс құрылымы, қосымшалары (тек зерттеу жұмыстарына)

2  тур  –  теориялық  (бетпе-бет)  –  «Эрудит»  -  Семей  мемлекеттік  педагогикалық институтында тест түрінде өткізіледі. Тестілеудің жоғары бағасы орындалған тест сұрақтарының санына  байланысты.  Тест  сұрақтарының  60  %  -  ы  базалық  білім  деңгейі  негізінде  (ботаника, зоология,  жалпы  биологиядан)  және  40  %-  ы  биологиялық  және  қолданбалы  экология  және тұрақты даму мәселелері бойынша. Тапсырмаларды орындауға 9 – сыныпқа 40 мин, 10 – сыныпқа 60 мин, 11 – сыныпқа 90 мин беріледі.  3  тур  практикалық  –  “Дұрыс шешімін  тап  ”–  ептілікке және жалпы  дамуға,  экология пәнінен келесі бағыттар бойынша  тапсырмалар: - ғаламдық экология және тұрақты даму;

- жалпы экология (тіршілік үшін күрес және оның формалары), қоректік тізбектер (кілттік тізбектердің сипаттамасы және олардың таксондарын анықтау), экологиялық сукцессия (түрлері, үрдістерді модельдеу), популяциясы (құрылымы, популяция динамикасы), биоценоз, экологиялық жүйелер (олардың морфологиялық белгілеріне байланысты тірі организмдердің мекендеу орнын анықтау), экологиялық пирамидалар (пирамидалардың құрылысы) және т.б; - топырақтың, өсімдіктердің, жануарлардың экологиясы; - Қазақстан Республикасы экологиясы.

4  тур  –  экологиялық  жобаны  қорғау  бетпе  –  бет  өткізіледі.  Олимпиадаға қатысушылардың үш турда  жоғары балл жинағандары қатысады (қорғау ұзақтығы 5 минуттан 7 минутқа дейін). Ұсынылған материалды меңгеруі, оны мазмұндау стилі, тақырыпты ақпараттық жағынан  терең  жеткізуді  және  зерттеген  мәселесі  бойынша  оқу  және  ғылыми  әдебиеттерін пайдалануы, жоба бойынша қазылар алқасының қойған сұрақтарына нақты жауап беруі, сонымен қатар  қорғалатын  жоба  тақырыбы  шеңберінде  экологиялық  білімдер  аймағындағы  сұрақтарға  берген жауаптары бағаланады. 

Жобаны жасау мазмұнына қойылатын талаптар:

Жоба объективті бағалануы үшін бірыңғай түрде жасалады. 

1.  Жұмыстың  негізгі  мазмұны  компьютерде  (машинамен  жазылған)  теріліп  А4  форматына әдебиеттер тізімін қосқанда 20 беттен аспайтындай жазылуы қажет. Қосымша бөлек тігіледі.

2. Дайын жобаның сыртқы беті болуы керек (үлгіні қараңыз) 

3. Жобада келесі бөлімдер ұсынылуы қажет:

-  кіріспе, онда қарастырылатын мәселенің өзектілігі көрсетіледі;

-  қойылған мәселені шешу үшін біреудің бұрын орындаған жұмысына талдау жасау;

-  жұмыстың  орындалған  жері,  уақыты,  егер  жұмыс  ұжым  болып  орындалса,  жұмысты ұсынушы оқушы орындаған жұмыс аймағын  көрсету;

-  қолданылған әдістемеге қысқаша түсінік беріп оның авторларына міндетті  түрде сілтеме жасау;

-  жүйеленген  қорытындысының  статистикалық  жағынан  есептелген  зерттеулердің нәтижелері, оларды талқылау;

-  жұмыс бойынша негізгі қорытынды;

-  жобаның негізін нақты пайдалану (енгізу);

-  пайдаланылған әдебиеттер;

- қосымша: фотографиялар, схемалар, сызбалар, статистикалық есептеулер кестелері,  табиғи объектілер, видеофильмдер және т.б.

Стендті жасауға қойылатын талаптар:

-  стендті мүмкіншілігінше А-1 форматында жасау;

-  егер бірнеше стенд ұсынылатын болса, онда біреуінде жұмыстың атауы және оның мақсаты  көрсетілуі тиіс;

- барлық стендтер (стендтегі суреттер) нөмірленуі және атауы болуы тиіс; -  барлық  жазулары  баспа  шрифтімен  қара,  көк  немесе  жасыл  түспен  орындалуы  тиіс, стендтегі берілгендер анық және 5-6 метр жерден көрінетін болуы керек;

-  графиктер, диаграммалар, кестелер 3 түрлі түстен артық түспен берілмеуі тиіс;

-  стендті бекіту (скотч, рейка, кнопка) қарастырылуы қажет.