2013-2014 оқу жылында «Ел тірегі-Елбасы» республикалық конкурсы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша Глубокое ауданы, Предгорное орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сарсембаева Салтанат жеңімпаз атанды.
2014 жылдың 25 қыркүйегінде Салтанат мұғалімі Толықбаева Құралай Тілеуханқызымен Теміртау қаласында өткізілетін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің кездесуіне шақырылды.
Жеңімпазды жеңісімен құттықтаймыз! Келешекте де биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз!