+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының жобасы - «Алтын резерв»
18 Қыр, 10:58

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылы «Алтын резерв» жаңа жобасын енгізуді бастады. Оның шеңберінде Дарынды түлектер қауымдастығы құрылып, қызмет етуде. Қауымдастықтың Ережесі ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының www. Shygysdaryny.kz. сайтында берілген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта сайтта «Алтын резерв» деректер қоры жасалып, орналастырылды. Деректер қорына облыстың дарынды оқушылары – республикалық, халықаралық зияткерлік және шығармашылық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың жүлдегерлері берілген.

Деректер қорындағы мәліметтерді толықтыру үшін аталған категорияғакіретін оқушыларға келесілерді орындау қажет:

- мәліметтерболмаған жағдайда www. Shygysdaryny.kz. сайтындағы «Алтын резерв» бөлімінде тіркеу жасау. Тіркеу жасау үшін оқушының сапалы түрде жасалған түрлі-түсті фотосуреті қажет. Сюжеттік суретті қоюға болмайды.

- оқушы жайында ақпарат болған жағдайда қажеттілігіне орай түзетулер енгізу.

Оқушы жайлы ақпарат енгізгеннен кейін,алдымен,сайт администраторы ақпаратты жүйелеп, кейіннен негізгі беттегі «Алтын резерв» электронды жалпы деректер қорына қосатынынсіздердің назарларыңызды саламыз.