+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық сурет конкурсын өткізу туралы
18 Қыр, 03:13

«Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы» идеясын іске асыру ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет өнеріндегі дарынды балаларды анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту және еңбекке белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, еңбеккке деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында «Еңбегіміз Қазақстанның игілігіне» атты облыстық  сурет конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.

Конкурсқа облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушыларықатыса алады.                

Конкурс туралы ереже www.shygysdaryny.kz  сайтында жарияланған.

Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден  үздік 3 жұмыс қабылданады. Талапқа сай келмеген, уақытынан кешіктіріліп жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

Конкурсқа қатысу үшін аудандық  (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшылары мен облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылып,  мекеме мөрімен бекітілген тапсырысты, сонымен қатар оқушылардың жұмыстарын 2014 жылдың 25 қыркүйегіне дейін Ворошилов көшесі, 79 мекен-жайдағы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына жіберулеріңіз керек.

Сұраныс үлгісі:

Оқушының аты - жөні

Аудан/қала

Мектеп

Сынып

Мекен жайы

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Ворошилов көшесі, 79,  ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы.