ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы оқушыларды зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми-зерттеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшылары мен облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары:
1) 2014 жылы 3 қазанға дейін Конкурстың мектепішіліккезеңін;
2) 2014 жылы 13-24 қазаны аралығында Конкурстың аудандық/қалалық кезеңін өткізулері қажет.
3) 2014 жылғы 31 қазанға дейін Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына:
- облыстық (іріктеу) кезеңіне қатысуға тапсырысты;
- есепті (1,2,3,4 формалар);
- бағалау парақтары бар хаттамаларды (үлгі қоса берілген);
- қатысушылардың жұмыстарын (қағаз және электронды нұсқаларында) беру қажет.
Ғылыми жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарды www.shygysdaryny.kz. сайтындағы Конкурсты өткізу ережесінен алуға болады.
Тапсырылатын барлық құжаттар білім беру бөлімі басшысының (мектеп директорының) қолымен, мекеме мөрімен бекітілуі қажет.
Әрбір ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен облыстық кезеңнің іріктеу айналымына әр секциядан үздік 3 жұмыстан жіберіледі. Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды және қарастырылмайды.