Білім сапасын арттыру және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 3-14 қараша аралығында «Математикадан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізеді.
Қазақ және орыс тіліндеріндегі курстың тақырыбы мен мазмұнын құрастырушы автор – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент – М.Н. Мадияров.
Семинарға тілек білдірген барлық білім қызметкерлері қатыса алады. Қатысу ерікті түрде, ақылы. Оқу құны – 3000 теңге. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Семинарға қатысу үшін 2014 жылдың 15 қазанға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына төмендегі үлгі бойынша өтінімді, сондай-ақ, төлемақы түбіртегінің көшірмесін 8(7232)552012 факсы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№
|
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Қала/ аудан, мектеп |
Оқыту тілі |
Байланыс телефоны (жұмыс, ұялы, үй) |
Электронды мекен-жайы |
|
|
|
|
|
|
|
Оқу құнынмына есептеу шотына аудару қажет:
КГКП ВК РНПЦ «Дарын»
РНН 181600062103
ИИК KZ92826F0KZTD2000869
Филиал АО «АТФ Банк»
БИК ALMNKZKA Кбе 16
БИН 990840001922
Қашықтықтан оқыту семинарының алдында әрбір қатысушыға логины мен паролі электронды мекен-жайына жіберілетін болады.