+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық шығармалар байқауын өткізу туралы
15 Қыр, 11:32

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және университеттің ЮНЕСКО орталығы Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70-жылдығына орай жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық шығармалар байқауын өткізетіні жайлы хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер бойында қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқау 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсаны аралығында өтеді.

Шығармалар электронды түрде (Ереже талаптарына сай) vk_daryn@mail.ru мекенжайында 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.

Факс арқылы жіберілген, сондай-ақ белгіленген уақыттан кеш келген жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Байқау туралы Ереже қосымша берілген.

Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/700244, 552012 телефондарына хабарласуға болады.