+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Олыстық "Өзін-өзі тану" олимпиадасын өткізу туралы
15 Қыр, 08:21

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы 7-9  сынып оқушылары арасында өзін-өзі тану пәнінен республикалық олимпиада өткізілетіні жайлы хабарлайды.   

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

- Бірінші – іріктеу (қалалық/аудандық), 25 қыркүйекке дейін өткізіледі;

- Екінші - облыстық кезең - қазан айының 1 онкүндігінде;

- Үшінші - республикалық - қараша айының 1 онкүндігінде.

Әр кезең қазақ, орыс тілдерінде екі турда өткізіледі. Бірінші тур  – тест тапсырмаларын орындау. Екінші тур - эссе жазу.

Олимпиаданың өткізілу ережесі ШҚ ӨҒП "Дарын" орталығының сайтында (www.shygysdaryny.kz) берілген.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу үшін 2014 жылдың 25 қыркүйегіне дейін:

1) облыстық кезеңге қатысуға өтінімді (командада 6 адамға дейін: 7 сынып – 2 оқушы, 8 сынып – 2, 9 сынып – 2);

2) Іріктеу кезеңінің хаттамаларын тапсыру қажет.

Барлық құжаттарды Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») мекен жайы бойынша немесе 8/7232/55-20-12 тел/факсы арқылы жіберу қажет (эл.пошта: vk_daryn@mail.ru).

Өтінім үлгісі:

Оқушының аты, тегі

Аудан/қала

Мектеп

Сынып

Оқу тілі

Оқушыны даярлаған мұғалімнің АЖТ

Үйлестірушінің АЖТ, телефоны (ұялы, жұмыс)