+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық семинарын өткізу туралы
10 Қыр, 11:22

2014 жылдың 7 қазан күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатымен «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өткізеді.

Семинарға қатысуға «Дарын» орталықтарының әдіскерлері, ШҚО аудандары мен қалаларының, облыстық мамандандырылған мектептерінің дарынды балалармен жұмыс бойынша жауапты қызметкерлері шақырылады. Әр ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен 1 адамнан шақырылады.

Семинар Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі 79 мекен-жайындғы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында өтеді. Семинардың басталуы – сағат 14.00-де.

Семинар аясында 2013-2014 оқу жылына қорытынды жасалады. Осыған сәйкес, келесі есептерді ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына мәтін және электронды түрде а.ж. 19 қыркүйекке дейін тапсыру қажет.

1) 2013-2014 оқу жылы бойынша «Дарынды балалармен жұмыс» бағытына сараптама мәтіндік және кестелік формада (қосымша);

2) 2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспары (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес) www.Shygysdaryny.kz сайтында берілген.

Облыстық семинарға қатысушылардың іссапар шығындары бағыттаушы білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

Семинарға қатысуға өтінімдерді 2014 жылғы 24 қыркүйекке дейін 8(7232)552012 тел/факсына немесе  VK_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Аты, жөні, тегі

Аудан (қала)

Жұмыс орны

Лауазымы