Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыс аудандарының және қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушыларына «Жас ғалым» ғылыми мектебі жұмысын бастайтынын хабарлайды.
«Жас ғалым» ғылыми мектебі, бұл – оқушының оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметіне бағдарланған қосымша білім беру мектебі.
Ғылыми мектептің мақсаты – облысымыздың дарынды оқушыларын облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға дайындау.
Оқушылардың оқу-ғылыми және ғылыми-іздену қызметін жоғары білікті және тәжіребелі педагогтар, мамандар, Қазақстан Республикасының және Шығыс Қазақстан облысындағы жетекші ЖОО ғалымдары, облыстағы жалпы білім беретін мектептердің зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарда бірнеше рет жүлдегер оқушыларды дайындап жүрген шығармашыл педагогтары жүргізеді.
Ғылыми мектеп келесі бағытта жұмыс жүргізеді: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым, математика, қолданбалы математика, информатика, экономика, биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, құқықтану, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану, тіл білімі.
Оқу жылының соңында әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Мектепте оқу ерікті түрде, ақылы.
«Жас ғалым» Ғылыми мектебінің толық ережесімен www.Shygysdaryny.kzсайтында таныса аласыздар.
Оқушылар 2014 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
Төлемдерді келесі көрсетілген есепшотқа аудару қажет:
КГКП ВК РНПЦ «Дарын»
РНН 181600062103
ИИК KZ92826F0KZTD2000869
Филиал АО «АТФ Банк»
БИК ALMNKZKAКбе 16
БИН 990840001922
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласуға болады 8(7232)552012.