+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Инновациялық-педагогикалық идеялардың фестивалінің облыстық кезеңін өткізуі туралы
03 Қыр, 08:46

2014 жылы 06 қарашада инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізетін педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау және олардың шығармашылығына жағдай жасау үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізуді жоспарлайды.

Фестивальға мектепке дейінгі білім беру және жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері мен ұжымдары, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатыса алады.

Облыстық кезеңінің Ережелері ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының www.shygysdaryny.kz сайтында орналасқан.

Жол ақысы, жатын орны, тамақтануына байланысты барлық шығындар бағыттаушы білім мекемелерінің есебінен жүзеге асырылады.

Фестивальға қатысу жөніндегі сұраныс пен материалдарды электронды және қағаз түріндегі нұсқаларын 2014 жылдың 13 қазанына дейін келесі мекен жайға тапсыру қажет: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 («Дарын» ШҚ ӨҒПО).

Сұраныс формасы:

А.Ж.Т.

 

Қала, аудан

Жұмыс орны

Лауазымы, пәні

Санаты, жұмыс өтілі

Жобаның

 тақырыбы

Жобаның бағыты

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық кезеңнің іріктеу айналымының қорытындысы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында жарияланады.