+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу туралы
28 Там, 04:11

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында 1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың республикалық «Зерде» конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) өткізіледі. Жобаларды қорғау ереже бойынша келесі секцияларда жүргізіледі:

1. қазақ тілі мен әдебиеті;

2. орыс тілі мен әдебиеті;

3. математика, информатика;

4. физика, техника;

5. медицина, психология;

6. тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7. биология, химия, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау;

8. география, экология.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық  «Дарын» орталығының 2014-2015 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22-27 қыркүйегі аралығында аудандық/ қалалық кезеңі өткізіледі.

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары облыстық мамандандырылған мектеп директорлары есеп құжаттарын өткізу үшін дарынды балалармен жұмыс жүргізетін жауапты қызметкерді немесе үйлестіруші тағайындауы қажет.

2014 жылы қазанның 03-не дейін  ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына аудандық/ қалалық кезең қорытындысы бойынша есепті (үлгі қоса берілген), қатысуға сұранысты, конкурсқа қатысушы оқушының жұмысын (Ережеге сәйкес қағаз және электронды нұсқасы) өткізу қажет.

Әрбір ауданнан (қаладан) облыстық кезеңге әрбір секция бойынша 2 үздік жұмыс жіберіледі (1-4 сынып арасында 1 жұмыс, 5-7 сынып арасында 1 жұмыс).

Конкурсқа жіберілген жұмыстарға түсіндірме берілмейді және олар қайтарылмайды.

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.

Конкурстың ережесін www.shygysdaryny.kz. сайтынан алуға болады.