Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті, ақпараттық технологиялар департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірге балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық «Кітап оқитын адам – табысты адам» атты байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында оқуды насихаттау, ақпарат мәдениетін қалыптастыру және ақпарат орталықтары ретінде кітапханаларға назар аударту.
Байқау екі кезеңде өткізіледі:
І аймақтық кезең – 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 2015 жылдың 15 ақпанына дейін;
ІІ республикалық кезең – 2015 жылдың 15 сәуірінен 2015 жылдың 15 мамырына дейін.
Байқауға қатысу жөнінде тапсырыс пен жұмыстар (Ереже талаптарына сай) «Кітап оқитын адам – табысты адам» байқауы белгісімен vk_daryn@mail.ru электронды мекенжайында 2015 жылдың 26-шы қаңтарына дейін қабылданады.
Факс арқылы жіберілген, сондай-ақ белгіленген уақыттан кеш келген жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Байқау туралы Ереже қосымша берілген.
Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/700244, 552012 телефондарына хабарласуға болады.