+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық қашықтық олимпиада өткізу туралы
27 Там, 12:16

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуға ынталандыру мақсатында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»пәндері бойынша республикалық олимпиадасы өткізіледі.

Олимпиада www.cdo.kz сайтында өткізіледі.

Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі

1  кезең: 2014 жылды 8-ші қыркүйектен 2-ші қазанға дейінгі аралықта.

Екінші кезеңге өту ұпайы 2014 жылдың 7 ші қазанында белгілі болады.

2 кезең: 2014 жылғы 9 қазанда (I-ші кезең қорытындысы бойынша - қатысу тегін).

Олимпиада  жеңімпаздары  мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданы өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz  және  www.cdo.kz  сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты 8(7182)652977, 8(777)4039351 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуге болады.