+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
27 Там, 09:49

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 25 қыркүйегінде өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.

Конкурстың негізгі мақсаты – педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық – педагогикалық қызметін, кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету.

Конкурстың Ережесі мен өткізу туралы толық ақпарат ғылыми – практикалық «Дарын» орталығының http://shygysdaryny.kz. сайтында берілген.

Конкурсқа қатысу жөніндегі сұраныс пен материалдарды электронды және қағаз түріндегі нұсқаларын а.ж. 15 қыркүйегіне дейін мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Өскемен қ., Ворошилов көшесі 79.

Сұраныс формасы:

Қатысушының

ата, тегі

(толығымен)

Жұмыс орны

Лауазымы

Еңбек өтілі, санаты

Пәні

Оқыту тілі

Авторлық бағдарламаның атауы