2014 жылы 11-21 тамызда Шүлбі кентінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының "Шығыс дарындары" жыл бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру лагерінің бірінші жазғы ауысымы өтті. Жеке облыс көлемінде Республикада тұңғыш рет дарынды балаларға арналып ашылған лагерьде оқушылар тегін оқу процесін үзбей денсаулықтарын нығайтып, түрлі сала бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады. Лагерь Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен облыстың дарынды балаларын әлеуметтік қолдап, дамыту үшін, зияткерлік, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатымен ашылды.
Жазғы сауықтыру ауысымына Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларынан, Абай, Аягөз, Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай, Күршім, Зайсан, Зырян, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарынан 6-10 сынып оқушыларынан 120 бала шақырылды. Бірінші ауысымның қатысушылары зияткерлік, шығармашылық, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, оқу озаттары мен көшбасшылар, белсенділері болды. Бұл сауықтыру ауысымы әр оқушыға өткен оқу жылында көрсеткен табанды еңбегі мен жақсы білімі үшін марапат іспеттес.
Дарынды балалардың демалысын ұйымдастыру үшін «Туған жер – алтын бесігім» атты бағдарлама әзірленді. Онда сауықтыру мен демалудың, тәрбиелеудің түрлі бағыттарын біріктіретін жоспарлы қызмет түрлері болды. Лагерь бағдарламасына балаларды мәдени және ұлттық құндылықтарға жақындастыратын ұжымдық-шығармашылық шаралар: «Екі жұлдыз», «Би әлемі», «Сұлулық әлемді сақтайды»; көңіл көтеру-танымдық - «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Интеллектуалды марафон»және т.б. көптеген шаралар енді.
Спорттық-сауықтыру шараларында - футбол, волейбол, баскетбол, эстафеталар, тренажер залы, үстел теннисі, күнделікті терренкур, би терапиясы, ЛФК, фитнес- йога болды. Ұйымдастырушылар әр баланың қозғалуға, жаңа спорттық ойындарға үйренулеріне мол мүмкіндік беруге тырысты. Қарағай орманына саяхат балалардың есінде ерекше әсер қалдырды, олар таза ауа жұтып, түрлі ойындар ойнап немесе болашақ туралы армандап тыныштықта уақыт өткізді.
Он күн ішінде балалардың денсаулықтарына да көп көңіл бөлінді. Демалушыларға тамаша жабдықталған тренажер залы, спорт алаңы, психологиялық релаксация кабинеті, тіс емдеу кабинеті, алдын-алу шаралары, кәсіби массаж қызметі де ұсынылды.
Сауықтыру шараларында - шынығу, ауа және күн ванналары, күнделікті серуендеу, дәруменді тамақтану, спорттық шаралар, таңғы гимнастика, емдеу (дәрігер нұсқауы бойынша), массаж, физио-процедуралар, психолог тренингтері, психологиялық ойындар) болды.
Тәрбие жүйесіне «team лидерлер» қызметін енгізу инновация болды. Бұлар - республикалық, халықаралық ғылыми жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері - 11 сынып түлектері. Олар - жақсы ұйымдастырушылар, ақылды, көңілді, жан-жақты, креативті, тату балалар. Ауысымның бағдарламасын іске асыруға көмек көрсету мақсатымен олар әр топқа бөлінді.
Күнделікті кешке әр топта өткізілетін "Отряд алауының қасында" балалардың әрқайсысы өз әсерлерімен бөлісіп, тілектерін айтып отырды.
Солардың бірі Республикалық ғылыми жобалар сайысының жүлдегері Әбенова Қаракөз: "Шығыстағы дарынды өрендердің жаңа оқу жылына жаңа күшпен баруына, таза ауа, жасыл табиғат аясында жақсы демалуға мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткендеріүшін ШҚО білім басқармасына,«Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығына және лагерьдіңпедагогикалық ұжымына біздің алғысымызшексіз" деген тілек білдірді.
Бірінші жазғы ауысымның жабылу салтанатында гала-концерт, алау маңындағы би кеші өткізілді.