+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Өскеменде ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаевтың қатысуымен «Шығыстың жас дарындары» форумы өтті
02 Мау, 12:52

2014 жылдың 31 мамырында жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың қатысуымен «Шығыстың жас дарындары» форумын өткізді.

Форум Өскемен қаласында алғаш ашылған «Арал» резиденциясында өтті. Шараға 200 дарынды оқушы қатысты. Шақырылғандар қатарында – жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының; оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының; 3-7 сынып оқушыларына арналған  республикалық «Зерде» балалар зерттеу жобалары конкурсының; халықаралық зияткерлік олимпиадалардың (Ресей, Испания, Америка,Бразилия, Греция, Түркия, Болгария, Швеция және т.б.); денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған республикалық және халықаралық оимпиадалардың; республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстардың (Репсубликалық Абай, Махамбет оқулары, "Жыр алыбы Жамбыл», «Жарқын болашақ», «Жас музыкант» конкурсының, Дельфийлік ойындар, «Море. Солнце. Фестиваль», «Салют талантов», «Песни Красного моря» фестивальдерінің, қолданбалы өнер конкурстарының) жүлдегерлері; республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық олимпиадалар мен турнирлердің (волейбол, дзюдо, суда жүзу, фристайл, ескектен жарыс, жеңіл атлетика, теннис, аробатика) жүлдегерлері.  

Шақырылғандар қатарында – облыстың шығармашалықпен қызмет етіп жүрген мұғалімдері, ЖОО ғалымдары.

Форумның құрметті қонақтары:  

- Рыпакова Ольга – 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадалық ойындардың чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы;

- Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – Қазақстан Ұлттық Федерациясы клубтары ЮНЕСКО клубының мүшесі, академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интенаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

- Мамбетказиев Ережеп Альхаирович – Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;

- Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университтің ректоры; физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Форум диалог форматында өткізіліп, балалар Бердібек Мәшбекұлына және қонақтарға сұрақтар қойды:

-   Айтыңызшы, Сіздің бала кезде қандай армандарыңыз болды, олар орындалды ма? (Төлеубаева Анель – Абай ауданының оқушысы, оқушылардың республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының жүлдегері)

Бердібек Мәшбекұлы: сұрағыңа рахмет, менің арманым, біріншіден, жоғарғы оқу орнына түссем, еліме, жеріме қызмет жасасам деген едім, былайша айтқанда, тәуба арманым орындалды деуге болады. Қалғанын енді уақыт көрсетеді.

-   Өскенде мен де Сіз секілді әкім болғым келеді. Ол үшін не істеу керек, әрі әкім болу қиын ба? (Қайратұлы Әділет – республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының жеңімпазы).

Бердібек Мәшбекұлы: айналайын, біріншіден, әкім болу міндетті емес, себебі, Қазақстанда 16 әкім бар, 17 млн. халық бар, соның бұйыртқаны болады. Екіншіден, жалпы әңгіме әкім де емес, министр де емес, ғалым да емес, адамның өзіне байланысты, ең бастысы – еңбек ету. Халқымыз: «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деп, бекер айтпаған ғой. Сондықтан, еңбек ету керек.

- Біздің облыста денсаулығының мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? (Ильнур Ибрагимов – Семей қаласындағы №4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы, спорт шеберінің кандидаты, үстел теннисі бойынша республикалық чемпионаттың 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медалінің иегері).

Бердібек Мәшбекұлы: теннис бойынша бірер сөз. 5 жыл бұрын теннис біздің қала мен облыс үшін бұрын-соңды болмаған спорт түрі болған. «Казцинк» АҚ арқасында қаражат бөлінді және біз теннистік жүгіру жолдары бар теннистік корд тұрғыздық. Қазіргі уақытта оған тенниспен айналысқысы келетін көптеген балалар барады. Ал нәтиже – республикалық және халықаралық жарыстардағы тамаша көрсеткіштер. Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолдау көрсетуге қатысты айтар болсақ, бұл қызықты, әрі жақсы сұрақ. Елбасының тапсырмасы бар, онда негізгі басымдықтар көрсетілген. Олардың бірі – денсаулығының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолдау көрсету, оларға тең жағдай жасау. Осыған сәйкес біз үлкен жұмыстар атқарудамыз. Тиісті басқармалар, мамандар жағдайды сараптап, бұл адамдармен жұмыс жасайды. Біріншіден, мүгедектерді тегін оқытамыз, кейін алған мамандығына сәйкес қызметке орналастыруға тырысамыз. Соңғы 4 ай ішінде 130 жуық денсаулығының мүмкіндігі шектеулі тұлғаны жұмысқа орналастырдық. 15000 жуығын оқыттық. Ендігі олардың жартысы жұмыс істеуге қабілетті.   

- Біздің мектептің территориясы үлкен. Облыстың шалғай ауылдары мен қалаларынан нақты ғылымдармен әуестенетін балаларға арналған интернат тұрғызуға мүмкіндік бар. Бұл идеяны іске асыру мүмкін бе? (Жанабаев Әсет – облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің түлегі, Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсының, Ресейде өткен «Компьютерлік физика» халықаралық олимпадасының жеңімпазы,  Америкада өткен Intel Isef халықаралық көрмесінің қатысушысы). 

Бердібек Мәшбекұлы: қазір біз балалардың, әсіресе, ауылдық жерлердің оқушыларының өздерінің қабілеттерін дамытулары үшін барлық жағдайларды жасауға тырысамз. Біз енді жаңа спорттық объектілерді тұрғызып та қойдық – Жекпе-жек сарайы, жеңілатлетикалық манеж, бассейн және т.б. Жуықта спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ашамыз. Нақты ғылымдар саласында дарынды балалар тұратын интернат та қажет. Мен сенің ұсынысыңды қолдаймын, біз оны міндетті түрде қарастырамыз.

- (Ольга Рыпаковаға сұрақ) Мен, сіздер сияқты олимпиадалық чемпион боламын. Сізде белгілі-бір табыс формуласы бар ма? Құпияңызбен бөлісуіңізді сұраймын. (Колмаков Павел – дарынды балалараға арналған мамандандырылған спорт мектебінің түлегі, Сочиде өткен Олимпиадалық ойындарда 10 орын, фристайлдан спорт шебері, Испанияда өткен әлем жастары чемпионатының жүлдегері, Швецияда өткен чемпионаттың күміс және қола жүлдегері).

Ольга Рыпакова: ешқандай құпия жоқ. Менің ойымша, ең бастысы – бұл еңбектену. Өзіңе, өз күшіңе сену. Бәрімізге белгілі – дарынды адам тек өз мақсатына жету үшін көп күш салып , еңбектеніп, қажырлық танытқанда ғана табысқа жетеді. Талант – бұл 20 пайыз сәттілік пен 80 пайыз қажырлы еңбек. Әрине, жақындарыңның тарапынан қолдау, сенім қажет. Олимпиадалық ойындар кезінде мен үнемі туғандарымның, жақындарымның, менің жерлестерімнің, барлық қазақстандықтардың қолдауын сезіндім және бұл маған өте қатты көмек көретті.

Балалар бірқатар ұсыныстар жасап, Бердібек Мәшбекұлы оларды қолдады: Еркінова Мадина – Өскемен қаласының №3 көпбейінді мектеп-гимназиясының оқушысы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері – «Жастар қаласы» акциясын жүзеге асыру аясында құралдар және техникамен жабдықталған интернаты, зертханалары, олимпиадаларға, конкурстар мен жарыстарға дайындауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге арналған студиясы бар дарынды балаларға арналған үлкен заманауи орталық ашу. Бейсенгали Алина – Өскемен қаласының №4 орта мектебінің оқушысы, республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері, Францияда өткен халықаралық олимпиаданың, Тбилиси қаласында өткен халықаралық жас өнертапқыштардың ғылыми конкурсының жеңімпазы – облыстың дарынды балалары кездесіп тұратын, мәселелерді талқыға салып, өз шығармашылықтарын көрсететін «Дарын жұлдыздары» атты дарынды балалар аллеясын жасауды ұсынды.

Барлық түлектер атынан облыс әкімі Б.М. Сапарбаевқа назар салып, мүмкін болғанша танытқан қолдауы үшін келесі түлектер алғыстарын білдірді: Зенкова Анастасия – Семей қаласының №7 мектеп-гимназиясының оқушысы, қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада жеңімпазы, Калиев Ақсұлтан – Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясының оқушысы, математика мен механикадан Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың халықаралық зерттеу жұмыстары конкурсының жүлдегері,  Айдынов Шыңғыс – Семей қаласының №32 орта мектебінің оқушысы, қазақ тілінде білім беретін метептердегі орыс тілі бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының екі дүркін қола жүлдегері.

Жас орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының лауреаттары - Атаева Мөлдір, Шмаленко Дарья, Тоқан Жанель, «Алтын домбыра» республикалық конкурсының жеңімпазы – Қазкенов Дастан барлық қатысушыларға өздерінің музыкалық сәлемдерін жолдады.   

Аязбаев Акежан – «Нұр Орда» халықаралық мектебінің оқушысы, бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер бойынша халықаралық "Art-Holidays" фестиваль-конкурсының бас жүлдесінің иегері – Бердібек Мәшбекұлына өзінің суретін сыйға тартты. Дауренқызы Айдана – Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының оқушысы, республикалық Абай оқуларының жеңімпазы – өзі шығарған өлеңдер жинағын сыйлады. Шлифер Яков – Өскемен қаласының №4 орта мектебінің оқушысы, 12 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының 7 спартакиадасының жеңімпазы – Бердібек Мәшбекұлына әкімдіктің командасы мен облыстың дарынды балаларының құрама командасы арасында футболдан достық турнир өткізуді ұсынды.

Форумға өткен жылдардың түлектері – түрлі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары шақырылды. Олар: Құрманғалиева Айжан – «Best» білім беру орталығының атқарушы директоры; ҚАЕУ Президентінің кеңесшісі; Ахаев Алексей - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Берікболов Төлеген – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі, студенттермен алмасу бойынша бағдарламаның, (Польшада оқу), Түркиядағы, Италиядағы, Чехиядағы ғылыми сынақтардың қатысушысы. Б.М. Спарбаевтың бастамасымен болған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Дарын» оталығының 15 жылдығына орай, түлектер атынан компьтерлік сынып және спорттық алаңқай сыйға тартылды.

Форумның барлық қатысушылары – оқушыларға – облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар (оқушылардың есімдері енгізілген «Шығыстың жас дарындары» кітабы) табысталды. Шығармашылықпен қызмет етіп жүрген мұғалімдерге Б.М. Сапарбаев алғыс хаттар мен планшеттер сыйға тартты.

Бердібек Мәшбекұлы дарынды балалардың жеңісі құрметіне оларға мерекелік отшашу сыйлады.