2014 жылы 16-26 мамыр аралығында Индия мемлекеті, Нью-Дели қаласындағы AMITY университетінің базасында өткен оқушылар олимпиадасында Шығыс Қазақстан облысының намысын дарынды оқушыларымыз қорғап қайтты. Олимпиада математика, физика, химия және биология пәндері бойынша болды. Халықаралық олимпиадаға жер шарымыздың түкпір-түкпірінен келген, атап айтатын болсақ Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Индия мемлекеттерінің 200-ден астам дарынды оқушысы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының құрама командасына 5 оқушы қатысты:
1. Смагұлов Азамат - Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы;
2. Аскеров Алямдар - Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 9 сынып оқушысы;
3. Тоқтауғажиева Әсем – Өскемен қаласындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
4. Кунанбаев Азат – Катонқарағай ауданының, Большенарым ауылдық лицейінің 11 сынып оқушысы;
5. Айткажиев Ерасыл - Өскемен қаласындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Смагұлов Азамат пен Аскеров Алямдар үшінші дәрежелі диплом мен қола медаль иегерлері болды.
Индиядағы халықаралық олимпиададағы жеңіс – 2014 жылдағы облысымыздың дарынды оқушыларының тағы жарқын жетістіктерінің бірі деп білеміз.