+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Ақберен» дарындыларды анықтайды
30 Мамыр, 10:23

2014 жылдың 25-28 мамыр аралығында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Тлеп қобыз» сарайында 5-10 сынып оқушылары арасында І республикалық «Ақберен» байқауын өткізді.

Ол жас дарындар арасынан  тапқыр талантты жан –жақты өнерлі балаларды іздеп табу, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою, табиғи танымдық қабілеттерін айқындау мақсатында өткізілді.

Қатысушылар шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы және ақындар мүшәйрасы номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 95 дарынды оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының командасының намысын жалпы білім беру мектептерінің 6 оқушысы қорғап қайтты.

Оның қорытындысы бойынша келесі 3 қатысушы жүлделі орынды жеңіп алды:

-  Заданова Махабат – Күршім ауданының №3 мектеп-гимназиясының    10 сынып оқушысы «Терең ойлылығы үшін» дипломмен марапатталды;

-   Қалибеков Тасқын – Тарбағатай ауданының Б. Майлин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы «Ақындар айтысы» номинациясында грамотамен марапатталды;

-   Хайдар Санжар – Семей қаласының Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 10 сынып оқушысы «Шебер орындаушы» номинациясында грамотамен марапатталды.

Қатысушылардың барлығына сертификаттар және кітаптар берілді.

Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды құттықтаймыз!