2014 жылғы 23 мамырда ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы V Махамбет оқуларын өткізді.
Байқау мектеп оқушылары арасында Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, ШерниязЖарылғасұлы, Ф. Оңғарсынованың шығармаларын насихаттау;
- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
- оқушыларды Махамбет поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Тарбағатай, Жарма, Ұлан, Аягөз, Глубокое, Шемонаиха, Бесқарағай, Бородулиха, Абай, Зырян, Зайсан және Күршім аудандарынан, облыстық дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептен, барлығы 48 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер атанды (жүлдегерлер тізімі қосымшада).
І орын алған жүлдегерлер 17-19 қыркүйек күндерінде Атырау облысында өтетін республикалық Махамбет оқуларына қатысуға жолдама алды.
Барлық жүлдегерлерді, ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!