2014 жылдың 13-15 мамыры аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Жұмабаев оқулары» болып өтті.
Мағжанның шығармашылығына қызығушылықтарын ояту, рухани мұрасын нассихаттау және дарынды балаларды қолдау мақсатында байқау келесі бөлімдер бойынша өткізілді: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім», «Толқынмен толқын сырласып...» және «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған».
Республикалық байқауға Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласы мен Глубокое ауданының оқушылары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша бас жүлде мен бағалы сыйлыққа Семей қаласы №21 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Рысгүл Досжанова ие болды.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша Семей қаласының №47 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кенжебекұлы Ерсін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Глубокое ауданы О. Бөкей атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Жанарбекқызы Жанбота «Толқынмен толқын сырласып...» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды.
Жеңістеріңмен құттықтаймыз, алда шығармашылық жетістіктер тілейміз!