2014 жылдың 15-16 мамырында Алматы облысының Ақсу ауданындағы Жансүгіров кентінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Ілияс оқулары» өткізілді.
Шараның мақсаты: оқушылардың арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.
Байқау төрт номинациядан тұрады, олар:
- І. Жансүгіровтың шығармасын таңдап алып, талдау жасау;
- өлеңді жатқа оқу;
- талапкердің өз шығармашылығымен таныстыру;
- І. Жансүгіровтың прозалық шығармасынан немесе драматургиясынан үзінді жатқа оқу.
Шығыс Қазақстан облысының намысын Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жетыбаева Мадина қорғап қайтты.
Байқау қорытындысы бойынша Жетыбаева Мадина І дәрежелі дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Мадинаны жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!