2014 жылы 17 мамырда Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ЖОО-ға дейінгі даярлық бөлімімен бірлесіп химия, математика, физика, география пәндері бойынша «ЖАС ТАЛАП - KZ» көшбасшысы» конкурсының қортынды кезеңінөткізді.
Конкурстың мақсаты - ынталы оқушылардың келешекте өз мамандықтарын анықтауға және білікті маман болуына қолдау көрсету, ЖОО мамандықтарына бағытталған бейіндік пәндерге дайындау.
Конкурстың қорытындысы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының гранты және І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Дүсіпқанова Балнұр– Өскемен қаласындағы №10 ОМ оқушысы (математика);
-Өмірзақ Тамерлан– Өскемен қаласындағы №3 МГ оқушысы (география);
-Назарбекова Бағжан – Зайсан ауданындағы М.Әуезов ат. ОМ оқушысы (физика).
II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Пашкевич Данил – Өскемен қаласындағыМ.Әуезов ат. №17 ОМ оқушысы(математика);
-Нугуманов Арман – Өскемен қаласындағы №11МГ оқушысы (география);
-Серікова Ақерке – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепоқушысы (физика);
-Болатов Сымбат –Күршім ауданындағы .Н.Островский ат. ОМ оқушысы (физика).
IIІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Кенжеқанов Шәкәрім – Күршім ауданындағы .Н.Островский ат. ОМ оқушысы (математика);
-Журсунова Зарина – Өскемен қаласындағы №11МГ оқушысы (география);
-Қайсенов Ербол ученик - Өскемен қаласындағы №3 МГ оқушысы (физика);
-Тоқтарбеков Шыңғыс – Зайсан ауданындағы Л.В. Ломаносов ат. ОМ оқушысы (физика).
Жеңімпаздарды, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!