+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Бабалар рухына тағзым
21 Мамыр, 09:12

2014 жылы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында XV Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі болып өтті.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

- мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

- тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Байқауға Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Тарбағатай, Жарма, Ұлан, Аягөз, Глубокое, Бесқарағай, Зырян, Зайсан, Бородулиха, Катонқарағай және Күршім аудандарынан, Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектеп, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернат пен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №34 мектеп-лицейден барлығы 50 оқушы қатысты. 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша І орын алған жүлдегерлер ағымдағы жылдың 4-5 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өтетін республикалық Абай оқуларына қатысуға жолдама алды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!