Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицеймен бірлесе отырып, 2014 жылдың 14 мамырында «Жас математик» және «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың тәжірибе шеберлігі мен теориялық білімін тереңдету, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға қызығушылығын жоғарылату, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды шешуде табандылығын, дербестігін, белсенділігін дамыту.
Олимпиадаға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 5-8 сыныпта оқитын 245 дарынды оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 87 жүлдегер анықталды. І дәрежелі дипломмен - 24 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 31 оқушы және ІІІ дәрежелі дипломмен - 32 оқушы марапатталды.
Жүлдегерлердің тізімі қосымшада берілген
Жалпыкомандалық есеп бойынша «Ең үздік команда-2014» номинациясы бойынша марапатталғандар:
1 орын
1) Семей қаласының командасы;
2) Өскемен қаласының командасы;
3) Шемонаиха ауданының командасы;
2 орын
1) Риддер қаласының командасы;
2) Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
3) Зырян ауданының командасы;
4) Күршім ауданының командасы;
5) Дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешенініңкомандасы;
3 орын
1) Жарма ауданының командасы;
2) Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатыныңкомандасы;
3) Ұлан ауданының командасы;
4) Бесқарағай ауданының командасы;
5) Зайсан ауданының командасы;
Жүлдегерлерді үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрқашан биіктен көрінулерін тілейміз.