+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыстың жас зерттеушілері
21 Мамыр, 04:08

Шығыс Қазақстан облысында шағын ЭКСПО-2104 ұйымдастыру мен өткізу бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес 2014 жылдың 20 мамырында облыстық білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Жасыл апта» кешенді акциясы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде жас өнертапқыштар Слетін өткізді.

Шара көрме форматында өтті. Оған облыстың түрлі аудандары мен қалаларынан дарынды оқушылар – республикалық және халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері және Семей қаласындағы Электротехникалық колледж бен ЖОО (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің) студенттері қатысты.

46 қатысушы экономика, өнеркәсіп, ғылым, ІТ-технологиялар саласындағы өзекті мәселелерді сипаттайтын ғылыми жобаларын және қолданылып жүрген үлгілерін, макеттерін, құралдар ұсынды.

Көрмеде ЖОО ғалымдары және Кәсіпкерлер Палатасының көмегімен облыстың ірі өнеркәсіп орындарының – «Азия Авто» АҚ, «Казцинк» ЖШС, ШҚ ӨЭК, ЖЭО ЖШС өкілдері сарапшы болды.

Көрмеге Өскемен қаласы мектептерінен 1200-ге жуық оқушы және оқушыларды түрлі деңгейдегі ғылыми жарыстарға дайындау сұрақтарына қызығушылық танытатын педагогтар келді.  

Шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы А. Нургазиевтың алғыс хаттарымен марапатталды.  

Түрлі номинациялардағы грамоталармен және жүлделермен келесі оқушылар марапатталды:

1.«Азия Авто» АҚ-ның «Жоғары шығармашылық жетістіктері үшін» номинациясындағы грамотасымен және планшетпен – Қасымов Нұрсұлтан - Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицей оқушысы.

2.«Казцинк» ЖШС-ның «Жобаның техникалық және коммерциялық өтімділігі үшін»номинациясындағы грамотасымен - Хусаинов Ильяс, Кушкунов Вадим - Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары.

3. ЖЭО ЖШС-ның «Зерттеудің өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы үшін» номинациясындағы грамотасымен - Әменова Гаухар - Өскемен қаласындағы №16 орта мектеп оқушысы.

4. ШҚ ӨЭК-тің  «Іргелі зерттеулер саласындағы жоғары жетістіктері үшін» номинациясындағы грамотасымен және сандық фотоаппаратпен – Жанабаев Әсет- Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы.  

5. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Университеттің ғылыми-зерттеу зертханаларында ғалымдармен бірлесе ғылыми жұмыспен айналысуға рұқсат беріледі» грамотасымен келесі оқушылар марапатталды:

- Вылданов Равиль – Семей қаласындағы Электротехникалық колледж оқушысы;

- Данилов Глеб – Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы;

- Жанабаев Әсет – Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы;

- Берекебаева Жансұлу – Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицей оқушысы;

- Манарбеков Данияр - Семей қаласындағы Электротехникалық колледж оқушысы;

- Тоқанов Айдын – Күршім ауданындағы Қалжыр орта мектебінің оқушысы;

- Еркінова Мадина – Өскемен қаласындағы №3 көп бейінді мектеп-гимназия оқушысы;

- Ермолаев Вячеслав - Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы;

- Саакян Богдан - Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы;

- Тұрсынбек Камила – Ұлан ауданындағы Бозанбай орта мектебінің оқушысы;

- Ардакова Ақерке, Ардакова Ақерке – семей қаласындағы Знаменка орта мектебінің оқушылары;

- Жукажанова Асель – Семей қаласындағы Электротехникалық колледж оқушысы;

- Канатбекова Ажар - Семей қаласындағы Электротехникалық колледж оқушысы;

- Серікпаев Мейіржан – Күршім ауданындағы К.Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназия оқушысы;

- Сайнулдинова Айдана – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернат оқушысы;

- Қалымов Али – Өскемен қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы.

6.  Номинациялардағы грамоталармен келесі қатысушылар марапатталды:

1)   «Үздік зертханалық жабдық пен құрал»:

- Еркінова Мадина –  Өскемен қаласындағы №3 көп бейінді мектеп-гимназия оқушысы;

- Мокин Сергей – Өскемен қаласындағы №17 орта мектеп оқушысы.

2) «Жоғары шығармашылық жетістіктері үшін» - Турсынбек Камила – Ұлан ауданындағы Бозанбай орта мектебінің оқушысы;

3)«Идеясының, зерттеу тақырыбының және оларды іске асыру ерекшелігі үшін»:

- Қанатбекова Ажар – Семей қаласындағы Электротехникалық колледж оқушысы;

- Жукажанова Әсел - Семей қаласындағы Электротехникалық колледж оқушысы;

- Тоқанов Айдын – Күршім ауданындағы Қалжыр орта мектебінің оқушысы;

- Қалымов Али – Өскемен қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы.

4) «Зерттеудің өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы үшін»:  

- Кушкунов Вадим – Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы;

- Хусаинов Ильяс – Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы;

- Саакян Богдан – Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы;

«Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін»:

- Нуруллаев Мансұр – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешенінің оқушысы;

- Циос Дмитрий - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешенінің оқушысы;

5) «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене қатысқаны үшін»:

- Данилов Глеб – Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы;

- Маликов Мади – Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназия оқушысы.

- «Әлеуметтік-экономика ғылымдары саласындағы мәселелерді шешуде ерекшелік танытқаны үшін» - Амангелді Сара – Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназия оқушысы.

6) «Иновациялық қызметке белсене қатысқаны үшін» - Алқанова Ақбота – Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицей оқушысы.

7) «Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жемісті еңбегі үшін» - Ермолаев Вячеслав – Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы.

8) «Ғылым – экология үшін» - Редькина Алина – Өскемен қаласындағы №27 орта мектеп оқушысы.

11) «Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» - Жанабаев Әсет – Өскемен қаласындағы облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушысы.

Шараның маңыздылығын ескере келе, облыстың аудандары мен қалаларында да жас өнертапқыштар Слеті өткізілді.

Шара қонақтар мен келушілер тарапынан өте жоғары бағаға ие болды.