+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» ІX республикалық педагогикалық олимпиадасындағы
13 Мамыр, 11:43

2014 жылдың 3-5 мамыр аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында (Шучье қ.) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» ІX республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтау.

Педагогикалық Олимпиаданың ережесіне сәйкес олимпиадаға:

- педагогикалық ЖОО таңдаған жоғары сынып оқушылары;

- педагогтер (5 жылға дейін еңбек өтілі бар);

- психологтар (5 жылға дейін еңбек өтілі бар);

- тәлімгерлер (5 жылға дейін еңбек өтілі бар) қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының намысын Семей қаласының және Аягөз ауданының 6 мұғалімі және 5 оқушысы қорғап қайтты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша:

ІІ дәрежелі дипломмен:

- Жексембаева Жазира Амантайқызы – Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің тәлімгері;

ІІІ дәрежелі дипломмен:

- Манасбаева Қарлығаш Мұратқызы – Аягөз қалалық мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі марапатталды.

Олимпиадаға қатысқан барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз және болашақта жетістіктер тілейміз!