2014 жылғы 30 сәуір мен 07 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың математика пәніне, зерттеу және жобалау қызметіне қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың ақпараттық қатынас біліктіліктерін дамыту.
Конкурс жұмыстары төмендегі секциялар бойынша өткізілді:
-"Қоғам және табиғаттағы нақты процесстердің математикалық модельдері";
-"Геометриалық миниатюралар";
-"Математика және өнер";
-"Математика тарихы";
-"Математика ғылымы";
-"Электронды тақырыпты журнал".
Ғылыми конкурсқа Ресей, Болгария, Белоруссия, Казақстаннан 300 - ден астам оқушы жиналды. Шығыс Қазақстан облысының атынан 6 оқушы қатысты. Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша 3 оқушы жүлделі орынды иеленді.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Әмренова Дана;
- Өскемен қаласы № 38 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Каримова Сабина;
- Семей қаласы экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы Сальменбаев Али марапатталды.
Халықаралық конкурстың сертификаты:
- Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Оразбаева Сабинаға;
- Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 10 сынып оқушысы Медетов Ермухаметке;
- Семей қаласы экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы Жанабилова Айсанаға берілді.
Конкурс қатысушыларына арнайы мәдени танымдық бағдарлама, Мәскеу, Дмитров қалаларына белгілі тарихи жерлерде экскурсия ұйымдастырылды.
Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!