2014 жылы 02-07 мамырда Грузия астанасы Тбилиси қаласында жас ғалымдар мен зерттеушілердің халықаралық олимпиадасы (IYIPO) өткізілді. Грузия оқушыларымен бірге оған Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Украина, Индонезия елдерінен жас дарындар қатысты.
Халықаралық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының командасының атынан 3 оқушы қатысты:
- Өскемен қаласының №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы Бейсенгали Алина;
- Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Бозяка Тахир;
- Семей қаласының №17 орта мектептің 11 сынып оқушысы Қабиғазы Рифхат.
Техникалық және ғылыми шығармашылықпен айналысатын оқушылардың зерттеу жұмыстары үш күн қатарынан көпшілік назарына бағалау мен қолдау үшін ұсынылды.
Шығыс Қазақстан облысының жас зерттеушілерінің қызығушылық аясы өте кең болып, конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстар І дәрежелі дипломмен лайықты бағасын алды.
Әр мемлекеттен келген дарынды балалардың арасында тығыз байланыс орнату үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама, Тбилиси қаласының тарихи жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.
Балаларды абыройлы жеңісімен құттықтаймыз!