Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.
Шараның мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын қолдап, мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсетіп, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.
Облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 260-тан астам қатысушы - 4 сынып оқушылары қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет, математика, дүниетану, бейнелеу өнері пәндерінен білімдерін көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 95 жүлдегер анықталды: оның ішінде І дәрежелі дипломмен – 22 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 28 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен – 45 оқушы марапатталды.
Жалпыкомандалық есепте«2014 жылдың үздік командасы» номинациясында:
І орынмен - Семей қаласының командасы;
ІІ орынмен - Абай ауданының командасы;
ІІІ орынмен - Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі командасы марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздарын даярлаған мұғалімдерге "Олимп шыңына жетелеуші" номинациясында грамоталар берілді.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді.