+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
"Адам-Жер-Ғарыш" жалпыресейлік олимпиадасының дебютанттары жүлдегер атанды
29 Сәу, 05:10

2014 жылдың 19-28 сәуірі аралығында Ресей Федерациясындағы Мәскеу обласының Звёздный қалашығында «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – экологиялық ойлауға, қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларға қатысуға бастамашылықпен қатысуға бағытталғанХХI ғасырдың шығармашыл, жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру.

Олимпиада 12 номинация бойынша өтті: «Жер біздің үй», «Флора және фауна», «Жерді сақтайық», «Мен тұратын қала», «Адам және қуат», «Физикалық зертхана», «Ғарыштық зертхана», «Астрономия», «Космонавтика», «Ғарыш және адам», «Бағдарламалау», «Ақпараттық технология».

Шығыс Қазақстан облысының командасы құрамында: 

- Семей қаласы Экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы – Социалов Төрегелді;

- Өскемен қаласы №38 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы – Маликов Мади;

- Семей қаласы №37 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы – Амангельдыева Айым болды. 

Ғылыми-зерттеу жобаларының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан барлық оқушылар жүлделі орынға ие болды және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Біз жеңімпаз дебютанттарымызды құттықтаймыз! Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!