+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ақберен» дарындыларды анықтайды
23 Сәу, 08:27

2014 жылдың 18 сәуірі күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында І республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқау жас дарындар арасынан  тапқыр талантты жан –жақты өнерлі балаларды іздеп табу, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою, табиғи танымдық қабілеттерін айқындау мақсатында өткізілді.

Қатысушылар шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы және ақындар мүшәйрасы номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Байқауға Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай, Ұлан аудандары, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп, Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы мектеп-лицей-интернаттарының командалары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер атанды. І орын грамотасымен – 6, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 11оқушы марапатталды.

Жүлделі орындар санына байланысты «Үздік команда» номинациясы бойынша:

- І дәрежелі дипломмен - Тарбағатай ауданының командасы;

- ІІ дәрежелі дипломмен Күршім ауданының командасы;

- ІІІ дәрежелі дипломмен Ұлан ауданының командасы марапатталды.

Келесі оқушылар байқаудың жүлдегерлері атанды:

- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 10 сынып оқушысы Санжар Хайдар;

- Күршім ауданы №3 МГ 10 сынып оқушысы Махаббат Заданова;

- Тарбағатай ауданы Б. Майлин атындағы ОМ 10 сынып оқушысы Тасқын Қалибеков;

- Ұлан ауданы М. Горький атындағы ОМ 7 сынып оқушысы Арайлым Қайратбек;

- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатаының 9 сынып оқушысы Мейіржан Сағидоллаев;

- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатаының 9 сынып

оқушысы Ердана Мақсат.

ІІ орынмен марапатталғандар:

- Күршім ауданы Қалжыр ОМ 10 сынып оқушысы Ақжан Қайсанов;

- Ұлан ауданы Бозанбай ОМ 10 сынып оқушысы Таңнұр Башай;

- Күршім ауданы №3 ОМ 8 сынып оқушысы Айжан Солтанова;

- Тарбағатай ауданы Ғ. Мүсірепов атындағы ОМ 10 сынып оқушысы Жанерке Оразбекова;

- Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы ОМ 10 сынып оқушысы Бұлбұл Болат;

- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 9 сынып оқушысы Райымбек Өмірбаев;

- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатаының 9 сынып

оқушысы Тілек Тілеген;

-Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Инабат Қинаятова.

ІІІ орынмен марапатталғандар:

- Катонқарағай ауданы Ауылдық лицейдің 9 сынып оқушысы Гүлім Бекенова;

- Катонқарағай ауданы Рыков ОМ 10 сынып оқушысы Әсем Қалиасқарова;

- Күршім ауданы №4 ОМ 8 сынып оқушысы Елдар Мубараков;

- Күршім ауданы Қалжыр ОМ 9 сынып оқушысы Фараби Сайкен;

- Тарбағатай ауданы Ақжар саз мектебінің 7 сынып оқушысы Жансая Құмарова;

- Тарбағатай ауданы Б. Майлин атындағы ОМ 10 сынып оқушысы Кенжегүл Абдулжанова;

- Тарбағатай ауданы №2 Ақсуат ОМ 7 сынып оқушысы Қымбат Көрпешова;

- Тарбағатай ауданы №2 Ақсуат ОМ 8 сынып оқушысы Азамат Кәлімбеков;

- Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы ОМ 9 сынып оқушысы Тимур Рахимов;

- Ұлан ауданы Бозанбай ОМ 5 сынып оқушысы Шуақ Нөсерхан;

- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Нұрзат Ақжалбекова.

Бірінші орын алған қатысушылар Астана қаласында 14-15 мамыр аралығында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Жеңімпаздарға республикалық кезеңде сәтті өнер көрсетіп, тек жеңіспен оралуларыңа тілектеспіз!