+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Жас математик» және «Жас физик» олимпиадаларын өткізу туралы
22 Сәу, 12:12

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық  «Дарын» орталығы   Өскемен қаласындағы  облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға  арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесе отырып 2014 жылдың 14 мамырында «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың тәжірибе шеберлігі мен теориялық білімін тереңдету, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға ызығушылығын жоғарылату, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру; зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды шешуде табандылықты, дербестікті, белсенділікті дамыту.

«Жас математик» олимпиадасы 5-8 сынып оқушыларының арасында жүргізіледі. Команда құрамы  – 4 оқушы (5 сынып – 1 оқушы, 6 сынып – 1 оқушы, 7 сынып – 1 оқушы, 8 сынып – 1 оқушы).

«Жас физик» олимпиадасы 7-8 сынып оқушыларының арасында жүргізіледі. Команда құрамы  – 2 оқушы (7 сынып – 1 оқушы, 8 сынып – 1 оқушы).

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Байқау ережелері www.shygysdaryny.kz. сайтында қоса ұсынылады.

Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің бастықтарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы мен мөрі қойылған тапсырыстар 2014 жылдың 05 мамырына дейін gsshmfi @mail.ru  эл. мекенжайжәне тел/факс 8 (7232)24-93-01 бойынша қабылданады (үлгі қосымша ұсынылады). 

«Жас математик» байқауына қатысуға тапсырыс

Оқушының

аты-жөні

Аудан/ қала

 

Мектеп

Сынып

Оқытылу тілі

Жетекшінің аты-жөні

бай.тел.

 

 

 

 

 

 

«Жас физик» байқауына қатысуға тапсырыс

Оқушының

аты-жөні

Аудан/

қала

Мектеп

Сынып

Оқытылу тілі

Жетекшінің аты-жөні

бай.тел.