+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Тарих – ата» білгірлері анықталды
15 Сәу, 05:06

2014 жылдың 11-13 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Щучье қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты.

Олимпиада оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын арттыру және осы сала бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында болып өтті.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Бородулиха, Тарбағатай аудандары мен Семей қаласынан 5 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Шараманова Камила марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Балаларға алдағы уақытта төл тарихтарын оқуда табыстар тілейміз!