+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Дарынды оқушылардың Мәскеудегі абсолютті жеңісі
14 Сәу, 10:22

2014 жылы 7-11 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасының бұйрығына сәйкес Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының конкурсында облысымыздың намысын дарынды оқушыларымыз қорғап қайтты.

Конкурстың ережесі бойынша сайысқа республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңнің жүлдегерлері, «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен бейінді мектептің қатысушылары қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша бірнеше сырттай іріктеу кезеңінің, алдымен, аймақтық әділқазылар алқасының, кейін, халықаралық әділқазылар алқасының шешімі бойынша, Мәскеу қаласындағы сайыстың негізгі кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының құрамасын 3 оқушы қорғады:

1. Далелгазина Дана – Семей қаласындағы №37 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы;

2. Нургазина Назерке – Семей қаласындағы №37 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы;

3. Нурланбекова Ұлжан – Семей қаласындағы №6 мектеп-гимназияның оқушысы.

Конкурстың Ережесіне сәйкес, қатысушылар өзінің ғылыми жобаларын қорғады. Далелгазина Дана мен Нургазина Назерке «Барицентрический метод решения геометрических задач» («Математика – теориялық және қолданбалы әртүрлі есептердің математика саласында қолданудың жаңа шешімі» секциясында) атты зерттеу жұмысын ұсынса, Нурланбекова Ұлжан «Фитоэкстракция тяжелых металлов из загрязненных почв Восточно-Казахстанской области» («Агробиология, агрохимия, өсімдіктерді қорғау» секциясында) атты зерттеу тақырыптарын ұсынды.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Мұкұшев құраманың ғылыми жетекшісі ретінде тағайындалды.

Конкурстың қорытындысы бойынша 3 қатысушы да бірінші дәрежелі дипломның иегері атанды. Сонымен қатар, оқушылар номинациялы мадақтамалардың иегері атанды:

- Далелгазина Дана және Нургазина Назерке – «Жаңа технологияларды қолдану арқылы көрнекіліктерді баяндағаны үшін»;

- Нурланбекова Ұлжан – «Зерттеудің проблемалығы үшін».

Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының конкурсындағы жеңіс – 2014 жылдағы облысымыздың дарынды оқушыларының тағы жарқын жетістіктерінің бірі деп білеміз.