Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 24 ақпанында Өскемен қаласында облыстық робототехника конкурсын өткізді.
Шараның өткізілу мақсаты – жас буынның техника мне ғылымға қызығушылығын арттыру, өзекті инженерлік ойларды қалыптастыру және заманауи техника саласында мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін арттыру.
Конкурсқа (7-10, 11-15 және 16-18 жас ерекшеліктеріне қарай) 2-11 сынып оқушылары қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойыншы І дәрежелі дипломмен:
- Давыдова Ксения – Өскемен қаласының облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің 7-сынып оқушысы (11 – 15 жас аралығы);
- Еркинова Мадина – Өскемен қаласының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11- сынып оқушысы (16-18 жас аралығы) марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Алимханов Жарас – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 12-сынып оқушысы (11 – 15 жас аралығы);
-Тұрсынғалиев Санжар - Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 7-сынып оқушысы (16 – 18 жас аралығы) марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Зекенов Нұрасыл - Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 7-сынып оқушысы (11 – 15 жас аралығы);
- Байтикенов Темірлан - Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 7-сынып оқушысы (11 – 15 жас аралығы);
- Кушкунов Вадим - Өскемен қаласының облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы (16 – 18 жас аралығы);
- Хусаинов Ильяс - Өскемен қаласының облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы (16 – 18 жас аралығы)
- Кунанбаева Малика - Өскемен қаласының облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің 4-сынып оқушысы (11 – 15 жас аралығы);
- Кунанбаев Алмаз - Өскемен қаласының облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің 6-сынып оқушысы (11 – 15 жас аралығы) марапатталды.
Жүлдегерлерді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз, келешек табыстар тілейміз!