+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жарқын болашақтан» - жаңа белестерге
08 Сәу, 12:07

2014 жылдың 4-6 сәуірі аралығында Астана қаласында KATEV халықаралық қоғамдық қоры қазақ тілі мен әдебиетінен VІ республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізді.

Шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, дарынды оқушыларды айқындап, қолдау көрсету мақсатында өтті.

Олимпиадаға қатысушылар «Сөз шеберлері», «Жас ғалымдар», «Әнші бұлбұлдар», «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар» атты бес бағыт бойынша қабілеттерін көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысының атынан облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының 20 жеңімпаз оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша       8 оқушы жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

 - Күршім ауданы № 1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Стас Никифиров;

- Зырян ауданы № 7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Полина Асташкина.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Абай ауданы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Мөлдір Байбуринова;

- Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Елдос Өмірхан.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Семей қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ- түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Дмитрий Купреев;

- Зырян ауданы №4 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Адина Саметова;

- Семей қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Елжан Кыдырханов;

- Абай ауданы Қарауыл гимназиясының 9 сынып оқушысы Ділдә Уалибекова.

Барлық жеңімпаз түлектерге С. Демирел атындағы университеттің тегін оқу гранты берілді.

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!