+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстың жас зерттеушілері Байқоңырды бағындырды
07 Сәу, 10:48

2014 жылы 02-06 сәуір аралығында облыс оқушыларының командасы  Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз" Х Халықаралық ғылыми жарысына  қатысты.

Ғылыми сайыстың мақсаты - ғарыштық зерттеулер саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Сайысқа Шығыс Қазақстан облысынан жалпы білім мектептерден 14 оқушы (8 жоба) қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен:

1. Жарма ауданы Ақтайлақ би атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Серікмұхаметова Арайлым;

2. Жарма ауданы Ақтайлақ би атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Исимова Ақжарқын марапатталды

ІІ дәрежелі дипломмен:

1. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мектептің 11- сынып оқушысы Майкина Мөлдір,

2. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мектептің 11- сынып оқушысы Конысбеков Алихан;

3. Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Қалымов Әли;

4. Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Масалимова Анель;

5. Күршім ауданы Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Серікбаев Мейіржан;

6. Күршім ауданы Қаратоғай орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сагидолдина Айнұр марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен:

1. Семей қаласындағы Экономикалық лицейдің 11-сынып оқушысы Рысханова Жұлдыз;

2. Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11-сыныпоқушысы Құрмамбаев Ермек,

3. Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11-сыныпоқушысы Отузбаев Аль-Бесин марапатталды.

Сайысқа қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама: "Байқоңыр" космодромының ғарыш мұражайына, "Буран" орбитальді корабліне, академик С.П.Королевтің мемориалды үйіне, Жер ғаламшарының тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалды үйлеріне танымдық экскурсиялар және т.б. ұйымдастырылды.  

Жүлдегерлерді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз, келешек табыстар тілейміз!