ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ – мен бірлесе 2014 жылдың 17 мамырында 11 сынып оқушылары үшін «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ» немесе «ЖАС ТАЛАП - KZ» журналдарына жыл бойына жазылған 11 сынып оқушылары үшін «ЖАС ТАЛАП - KZ» көшбасшысы» конкурсының қорытынды кезеңін өткізеді.
Конкурстың жеңімпаздары 4 номинация бойынша анықталады: «Математика», «Информатика», «Химия», «География», «Физика». Жеңімпаздарға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының гранты тағайындалады, яғни ҰБТ – ны сәтті тапсырған жағдайда «Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтарынан басқа бейіндік пәнге сай кез-келген мамандық бойынша университетке тегін оқу құқы беріледі.
Екінші, үшінші орын алған қатысушылар ІІ, ІІІ, дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конкурсқа қатысу үшін университеттің оқу-білім порталындағы www.do.ektu.kz оқушы бөліміндегі өтінімді толтырып, сонымен біоге «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ» немесе «ЖАС ТАЛАП - KZ» журналдарына жыл бойы жазылуды растайтын сканерден өткізілген түбіртекті тіркеу қажет.
Бақылау жұмыстарының шешімін «ЖАС ТАЛАП - KZ» көшбасшысы» конкурсы деген атаумен Odp@ektu.kz электронды адресіне жіберу керек. Конкурсқа қатысушыларды қабылдау Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ – дың жоғары оқуға дейінгі дайындау және университетке дайындау бөлімі, Г-1-136 кабинетінде қабылдайды.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 19. Байланыс телефоны: 8 (7232) 540-285.
