ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен бірлесе 2014 жылы 12 сәуірде 11 сынып оқушылары үшін математика, физика, химия, география, сурет пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы Өңірлік олимпиадасын өткізеді.
Математика, физика, химия, география пәндерінен берілген тапсырманың 70%-ын орындап, сурет пәні бойынша берілген тапсырманы 20 ұпайдан кем орындамаса бірінші орын алған қатысушылар – ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда («Сәулет» мамандығы бойынша оқуға түсушілер сурет пен сызудан шығармашылық емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда), таңдаған бейіндік пәніне сәйкес университеттің мамандықтары бойынша ШҚМТУ ректорының грантына – Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тегін оқу құқына ие болады.
Сурет бойынша олимпиада «Қазақстанның сәулет өнері – бүгінгі күні мен болашағы» тақырыбында өтеді. Мектеп бітірушілеріне «Гипстен жасалған бастың суреті» тақырыбына арнайы тапсырма ұсынылады. Суреттен олимпиадаға қатысушылар арнайы А3 форматты қағаз, түрлі-түсті бояулар, фломастерлер, гуашь, акварель, т.б қажетті заттарды өздерімен алулары қажет.
Қатысушылардың жол шығындары, тамақтануы қатысушылардың есебінен.
Олимпиадаға қатысу үшін төменде көрсетілген үлгі бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектептердің директорларының қолы мен мөрі қойылған тапсырыстар 2014 жылдың 08 – сәуіріне дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 мекенжайында қабылданады.
Байланыс тел/факс 8-(7232) 700-244, 552-012 эл.адрес: vk_daryn@mail.ru
|
№ |
Оқушының аты-жөні (толығымен) |
Аудан, қала |
Мектебі, байланыс телефоны, электронды адресі |
Пән атауы |
Оқу тілі |
Пән мұғалімінің аты-жөні |
Үйлестірушінің аты-жөні, электронды адресі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қатысушыларды тіркеу Өскемен қаласы, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де (Серікбаев көшесі, 19) 2014 жылдың 12 сәуірінде сағат 09.00-ден басталады, олимпиаданың басталуы сағат 10.00-де.
Жалпы сұрақтар бойынша 8 (7232) 540-285 хабарласуға болады.

