2001 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан Өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы дарынды балалар үшін мамандандырылған № 34 мектеп – лицейімен бірлесе «Мәтін және сөз» атты оқушылардың ғылыми зерттеу жоба фестивалін өткізетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Фестивальдің мақсаты: Қазіргі Қазақстанға полилингвалды кеңістікте коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың интеллектуалдық деңгейлерін жоғарылату, жетістіктерге жету үшін уәждерін қалыптастыру.
Міндеттері: 1) оқушылардың зерттеу белсенділіктерін дамыту; 2) оқушылардың филологиялық сауаттылық деңгейлерін айқындау; 3) оқушылардың және мұғалімдердің шығармашылық қарым-қатынастарын алмастыру үшін жағдайлар жасау.
Фестивалға жалпы білім беретін орыс, қазақ мектептерінің 8-11 сынып оқушылары, гуманитарлық пәндер бойынша жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатыса алады. Қатысушылар саны шектеусіз.
Фестивальді өткізу туралы Ереже ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының http://www.shygysdaryny.kz/ сайтында орналастырылған.
Қатысушылар тіркелу үшін 2011 жылдың 8 ақпанына дейін мына мекен-жайға: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия, 4 (ШҚ ӨҒП «Дарын») немесе 8/7232/758459 тел.- факсі бойынша төмендегідей түрде өтінім жіберу керек:
|
Оқушының аты, тегі |
Қала (аудан), мектептің атауы |
Сынып |
Жобаның тақырыбы |
Жетекшінің аты, тегі |
|
|
|
|
|
|
Фестиваль мына мекен-жайда өткізіледі: Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 30/1 (ДБА №34 ОММЛ).