+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізу туралы
02 Сәу, 05:17

Дарынды балаларды анықтау және дамытуға қажетті жағдай жасау, оқушыларың зияткерлік деңгейін көтеру, ғылыми білімдерін насихаттау мақсатында 2014 жылдың  26 сәуірінде  жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сыныптардың облыстық олимпиадасын өткізу жоспарлануда.

Олимпиада ІІІ кезеңнен тұрады:

-  бірінші кезең – мектепішілік – 2014 жылдың наурызы;

-  екінші кезең – аудандық (қалалық) – 2014 жылдың 20 сәуіріне дейін;

-  үшінші кезең – облыстық – 2014 жылдың  26 сәуірде.

Пәндік жеке айналым 4 сынып оқушылары үшін 6 пәннен  (қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет, математика, дүниетану, бейнелеу өнері) өтеді. Жұмыстар жазбаша түрде жүргізіледі. Тапсырманы орындау уақыты – 90 минут, бейнелеу өнері – 120 минут.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінің командалары  қатыса алады. Команда аудандық, қалалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша жасақталады. Команда құрамына оқыту тіліне байланысты 6 немесе 12 оқушы - әр пәнге  2 оқушыдан және 1 жетекші кіреді. Команданың барлық мүшелері олимпиадаға қатысу өтініміне енгізілуі керек.

Олимпиадаға қатысуға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшыларының, дарынды  балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған өтінімдер (сканерленген түрі) сонымен қатар электронды нұсқасының Excel–де орындалған түрін2014 жылдың 18 сәуіріне дейін келесі  мекен-жайға Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79, тел(факс) 8-7232-55-20-12, 70-02-44 немесе vk_daryn@mail.ruэлектронды адресіне жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

Аудан (қала)

Мектеп

Сынып

Пән

Мұғалімнің аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылардың сапар шығындары (жол, жатын орын, тамақтану) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.